Құжат мәтініне өту

Ауданның коммуналдық меншігіндегі жалға берілетін тұрғын үйлерден алынатын жалдау ақысын бекіту туралы

Қаулы · № 589 · қабылданған 16.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-51423/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Ауданның коммуналдық меншігіндегі жалға берілетін тұрғын үйлерден алынатын жалдау ақысын бекіту туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 589 ·16.02.2010
15.07.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Ауданның коммуналдық меншігіндегі жалға берілетін тұрғын үйлерден алынатын жалдау ақысын бекіту туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 589 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Ауданның коммуналдық меншігіндегі жалға берілетін тұрғын үйлерден алынатын жалдау ақысын бекіту туралы
Атауы (қаз.)
Ауданның коммуналдық меншігіндегі жалға берілетін тұрғын үйлерден алынатын жалдау ақысын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
589
Қабылданған күні
16.02.2010
Көрсетілген редакция
15.07.2011 · қолданыстағы AI51423_1.kaz
Соңғы өзгеріс
15.07.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10LG000092
ЭКБ идентификаторы
51423
Редакция идентификаторы
AI51423_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:01

0 Ауданның коммуналдық меншігіндегі жалға берілетін тұрғын үйлерден алынатын жалдау ақысын бекіту туралы

РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі N 395 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйлерден алынатын жалдау ақысын есептеу" Әдістемесіне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауданның коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдалану осы үйлердің орналасқан мекен-жайы бойынша кент және ауылдық округі әкімі аппараттарында жүргізілсін.

2

2. Ауданның коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін тұрғын үйлерден алынатын жалдау ақысы Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі N 395 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйлерден алынатын жалдау ақысын есептеу" Әдістемесіне сәйкес есептелсін.

3 3. Жалға берілген тұрғын үйлердің жалдау ақысын мерзімінде төленуін қамтамасыз ету осы үйлерді теңгерімде ұстаушы атқарушы органдардың басшыларына жүктелсін және осы төлемдердің белгіленген мерзімінде төленуіне бақылау жасау аудандық қаржы бөліміне (Ө. Тақырбасов) жүктелсін.

4

4. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне (О. Ахметов) аудандық коммуналдық меншігіндегі тұрғын үйлерді күтіп-ұстауға, есебін жүргізуге байланысты жұмыстарды жүргізу жөнІнде бөлім ережесіне тиісті толықтырулар енгізу, сондай-ақ осы енгізілген өзгерістерге сәйкес жұмыс жасау тапсырылсын.

5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Ыдырысовқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жа­ңа­қор­ған ауда­ны­ның әкі­мі
Б. Ела­ма­нов

Қолданыстағы