Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени риска в сферах оказания медицинских услуг, обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники

Бұйрық · № 142 · қабылданған 01.03.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-51435/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени риска в сферах оказания медицинских услуг, обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники Күшін жойған Бұйрық ·№ 142 ·01.03.2010
30.03.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени риска в сферах оказания медицинских услуг, обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники

Күшін жойған Бұйрық ·№ 142 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени риска в сферах оказания медицинских услуг, обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники
Атауы (қаз.)
Медициналық қызмет көрсету және дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасы айналысы салаларындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
142
Қабылданған күні
01.03.2010
Көрсетілген редакция
30.03.2011 AI51435_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006124_
ЭКБ идентификаторы
51435
Редакция идентификаторы
AI51435_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:53

0 Медициналық қызмет көрсету және дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасы айналысы салаларындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 19-бабының 5-тармағына, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының 38-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Бекітілсін:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Медициналық қызмет көрсету саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасы айналысы саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Баймұқанов С.А.):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрықты оның мемлекеттік тіркелуінен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.

5 5. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнінен күшiне енедi, оны алғаш ресми жариялаған күнінен қолданысқа енгізіледі.

1 Медициналық қызметтер көрсету саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
міндетін атқарушының
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 142 және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 5 наурыздағы
№ 122 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Медициналық қызметтер көрсету саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1

1. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі және «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу мақсатында әзірленді.

2 2. Осы критерийлерде келесі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) медициналық қызметтер көрсету саласындағы тәуекел – сапасыз медициналық қызмет көрсету нәтижесінде оның салдарларының ауырлығын ескере отырып пациенттің денсаулығына немесе өміріне жағымсыздық туу ықтималдығы;

2 2) бақылау субъектілері - денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар.

3 3) медициналық қызмет сапасын бағалау индикаторлары – медициналық қызметтердің тиімділігін, толық болуын және денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігін көрсететін көрсеткіштер.

3 3. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесінің тиісті тобына жатқызу екі кезеңде жүзеге асырылады.

4 4. Бірінші кезеңде бақылау субъектілері тәуекел категориясына бөлінеді: тәуекелдің жоғары, орташа, болмашы дәрежесі.

5 5. Ұсынылатын медициналық көмек нысандары және денсаулық сақтау ұйымдары түрлеріне байланысты бақылау субъектілері тәуекел дәрежесі бойынша мынадай болып бөлінеді:

1

1) тәуекелдің жоғары дәрежелі тобына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1213 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық жоспарына сәйкес стратегиялық бағыттар бойынша стационарлық, стационарды алмастыратын және амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуші, сондай-ақ жедел көмек көрсетуші, санитариялық авиация мен медициналық апаттар саласында денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы денсаулық сақтау субъектілері жатады;

2 2) тәуекелдің орташа дәрежелі тобына стратегиялық бағыттардан басқа стационарлық, стационарды алмастыратын және амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуші денсаулық сақтау субъектілері жатады;

3

3) тәуекелдің болмашы дәрежелі тобына қалыпқа келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары, паллиативтік көмек пен мейірбикелік күтім көрсетуші ұйымдар; инвазиялық әдістер, дәрілік заттар және медициналық мақсаттардағы бұйымдар мен медициналық техниканың көмегімен косметологиялық көмек көрсетуші ұйымдар, сондай-ақ сот медицинасы және патологиялық анатомия саласында қызмет көрсетуші ұйымдар жатады.

6 6. Екінші кезеңде бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесі топтары бойынша бөлу көрсетілген медициналық қызмет сапасы сәйкестігі көрсеткіші ескеріле отырып жүрізіледі (бұдан әрі – сәйкестік көрсеткіші).

Сәйкестік көрсеткіші медициналық қызмет сапасын бағалаудың әрбір индикаторы бойынша пайыздарды көрсетілген медициналық қызмет сапасын бағалау индикаторларының 100% және шекті мәндерінің айырмашылығы ретінде анықталады.
Медициналық қызмет сапасын бағалау индикаторлары және олардың шектік мәндері осы Критерийлерге қосымшаға сәйкес анықталған.
Бақылау субъектілерін тексерулерді жоспарлау үшін сәйкестік көрсеткішінің орташа мәні пайдаланылады.

7 7. Тәуекел дәрежесі жоғары бақылау субъектілерінің ішінен тексеру жоспарына орташа сәйкестік көрсеткіші бар бақылау субъектілері енгізіледі:

50 % және одан төмен;
соңғы 3 жылда 50 %-дан 60%-ға дейін.
Тәуекел дәрежесі орташа және болмашы бақылау субъектілерінің ішінен тексеру жоспарына енгізілетіндері:
40 % және одан төмен;
соңғы 3 жылда 40%-дан 60%-ға дейін;

8 8. Бір топтың ішінде бақылау субъектілерін тексерулер жоспарына бірінші кіргізу негіздері:

1 1) соңғы тексеру жүргізілген кезеңнен кейін 18 айдан аса уақыт өткен мерзім;

2 2) бұрынғы тексерулер кезінде айқындалған елеулі бұзушылықтар;

3 3) ұлттық аккредиттеу туралы куәліктің болмауы.

9 9. Елеулі бұзушылықтарға мыналар жатады:

1 1) медициналық қызметтің көрсетілген түрлерінің (кіші түрлерінің), берілген лицензияға сәйкес келмеуі;

2 2) азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығының бұзылуы;

3 3) бақылау субъектілерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну шартының міндеттерін бұзуы;

4 4) медициналық қызметкерде маман сертификатының болмауы;

5 5) медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі.

0 Медициналық қызметтер сапасын бағалау индикаторлары

Медициналық қызмет көрсету
саласында тәуекел
дәрежесін бағалау
Критерийлеріне қосымша
Медициналық қызметтер сапасын бағалау индикаторлары

Ин­ди­ка­тор­лар­дың ата­уы
Өл­шем бір­лік­те­рі
Шек­тік мәні
Ста­ци­о­нар­лық кө­мек көр­се­ту­ші ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар үшін ме­ди­ци­на­лық кө­мек са­па­сын ба­ға­лау ин­ди­ка­тор­ла­ры
1.
Негіз­сіз гос­пи­та­ли­за­ци­я­лау оқи­ға­ла­ры­ның са­ны
Бар­лық гос­пи­та­ли­за­ци­я­лан­ған­дар­дың жал­пы са­ны ішін­де­гі негіз­сіз гос­пи­та­ли­за­ци­я­лан­ған­дар­дың есеп бе­ру ке­зін­де­гі пай­ы­зы
Ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы ти­іс
2.
Жос­пар­лы гос­пи­та­ли­за­ци­я­лау ке­зін­де өл­ген­дер оқи­ға­ла­ры­ның са­ны
Жос­пар­лы тәр­тіп­пен бар­лық ста­ци­о­нар­ға түс­кен­дер­дің өлі­мі оқи­ға­ла­ры­ның есеп бе­ру ке­зін­де­гі пай­ы­зы
Ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы ти­іс
3.
Жос­пар­лы гос­пи­та­ли­за­ци­я­лау оқи­ға­ла­рын­да­ғы опе­ра­ци­ядан кей­ін­гі өлім-жі­тім са­ны
Жос­пар­лы тәр­тіп­пен бар­лық опе­ра­ция жа­сал­ған­дар­дың ішін­де опе­ра­ци­ядан кей­ін өл­ген­дер­дің есеп бе­ру ке­зін­де­гі пай­ы­зы
Жос­пар­лы гос­пи­та­ли­за­ци­я­лау оқи­ға­ла­рын­да ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы ти­іс
4.
Боса­ну ке­зін­де және босан­ған­нан кей­ін­гі мер­зім­де өл­ген әй­ел­дер­дің са­ны, оның ішін­де бас­қа­рыл­ма­лы се­беп­тер­ден:
- аку­ше­ри­я­лық қан ке­ту;
- ге­сто­здар;
- аборт­тар;
Жа­ңа боса­нып, шы­ға­ры­л­ған әй­ел­дер­дің жал­пы са­ны ішін­де­гі өл­ген­дер­дің пай­ы­зы
Ин­ди­ка­тор­дың мәні 1%-дан ас­па­уы ти­іс
5.
0-ден 14 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар­дың өлім-жі­ті­мі са­ны, оның ішін­де есеп бе­ру ке­зін­де бас­қа­ры­ла­тын се­беп­тер бой­ын­ша
0-ден 14 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар­дың өлі­мі пай­ы­зы, оның ішін­де 0-ден 14 жас­қа дей­ін­гі шы­ға­ры­л­ған ба­ла­лар­дың са­ны ішін­де 1 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар­дың (оның ішін­де 1 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар­дың)
Бас­қа­ры­ла­тын се­беп­тер бой­ын­ша ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы ти­іс
6.
Ау­ру­ха­на­і­ші­лік жұқ­па оқи­ға­ла­ры­ның са­ны
Ау­ру­ха­на­і­ші­лік жұқ­па­лар­мен тір­кел­ген оқи­ға­лар­дың са­ны/ шы­ға­ры­л­ған­дар­дың са­ны 100-ге кө­бей­тіл­сін
1%-ға дей­ін
7.
Қай­та­лап тү­су оқи­ға­ла­ры­ның са­ны (бір ай­дың ішін­де сол ау­руы бой­ын­ша қай­та тү­су)
Қай­та­лап гос­пи­та­ли­за­ци­я­ла­удың са­ны/есеп бе­ру ке­зін­де­гі гос­пи­та­ли­за­ци­я­лан­ған­дар­дың жал­пы са­ны 100-ге кө­бей­тіл­сін
Ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы ти­іс
8.
Негіз­гі кли­ни­ка­лық және па­то­ло­го­ана­то­ми­я­лық ди­а­гноз­дар ай­ыр­ма­шы­лы­ғы оқи­ға­ла­ры­ның са­ны
Есеп бе­ру ке­зін­де­гі ди­а­гноз­дар ай­ыр­ма­шы­лы­ғы оқи­ға­ла­ры­ның са­ны/ бар­лық па­то­ло­го­ана­то­ми­я­лық зерт­те­улер­дің са­ны 100-ге кө­бей­тіл­сін
2%
9.
Өт­кен жыл­мен са­лы­стыр­ған­да есеп­тік ке­зең­де­гі негіз­ді ша­ғым­ның жал­пы са­ны
Есеп бе­ру ке­зін­де­гі негіз­ді ша­ғым­дар­дың са­ны/бұ­рын­ғы ке­зең­де­гі негіз­ді ша­ғым­дар­дың са­ны 100-ге кө­бей­тіл­сін
Бұ­рын­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да мән 10%-ға тө­мен­де­уі ти­іс
Ал­ғаш­қы ме­ди­ци­на­лық-са­ни­та­ри­я­лық және кон­суль­та­ци­я­лық кө­мек көр­се­ту­ші ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар үшін ме­ди­ци­на­лық кө­мек са­па­сын ба­ға­лау ин­ди­ка­тор­ла­ры
10.
Есеп­тік ке­зең­де­гі жал­пы өлім-жі­тім­ді­лік көр­сет­кі­ші
1 000 ха­лық­қа есеп­тік көр­сет­кі­ші
Ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы ти­іс
11.
Есеп­тік ке­зең­де­гі ар­те­ри­я­лық ги­пер­то­ния және ише­ми­я­лық жү­рек ау­руы бар тір­кел­ген ха­лық ара­сын­да­ғы өлім-жі­тім көр­сет­кі­ші
1 000 ха­лық­қа есеп­тік көр­сет­кі­ші
Ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы ти­іс
12.
Есеп­тік ке­зең­де­гі тір­кел­ген ха­лық ара­сын­да­ғы ана­лар өлім- жі­ті­мі са­ны, оның ішін­де бас­қа­рыл­ма­лы се­беп­тер­ден:
- аку­ше­ри­я­лық қан ке­ту;
- ге­сто­здар;
- аборт­тар;
100 000 ті­рі ту­ған­дар­ға есеп­тік көр­сет­кі­ші
Бас­қа­ры­ла­тын се­беп­тер бой­ын­ша ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы ти­іс
13.
Есеп­тік ке­зең­де­гі тір­кел­ген аумақ­та тұ­ра­тын фер­тиль­дік жас­та­ғы әй­ел­дер­дің абор­ты са­ны, оның ішін­де экс­тра­ге­ни­тал­ды па­то­ло­ги­я­ла­ры бар
Фер­тиль­дік жас­та­ғы әй­ел­дер са­ны 1000-ға кө­бей­тіл­сін
Бұ­рын­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да мән 10%-ға тө­мен­де­уі ти­іс
14.
Есеп­тік ке­зең­де­гі тір­кел­ген ха­лық ара­сын­да­ғы сә­би­лер өлім-жі­ті­мі са­ны, оның ішін­де бас­қа­рыл­ма­лы се­беп­тер­ден:
- ты­ныс алу ағ­за­ла­ры­ның ау­ру­ла­ры;
- ішек жұқ­па­ла­ры;
- туа біт­кен да­му ке­мі­стікте­рі;
- пе­ри­на­таль­дық ке­зең се­беп­те­рі
1 000 ті­рі ту­ған­дар­ға есеп­тік көр­сет­кі­ші
Бас­қа­ры­ла­тын се­беп­тер бой­ын­ша ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы ти­іс
15.
Өт­кен жыл­дың есеп­тік ке­зе­ңі­мен са­лы­стыр­ған­да негіз­ді ша­ғым­ның жал­пы са­ны
Есеп­тік ке­зең­де­гі негіз­ді ша­ғым­ның са­ны/өт­кен жы­л­ғы негіз­ді ша­ғым­ның са­ны 100-ге кө­бей­тіл­сін
Бұ­рын­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да мән 10%-ға тө­мен­де­уі ти­іс
16.
Үй­де өл­ген ба­ла­лар­дың көр­сет­кі­ші
Үй­де өл­ген ба­ла­лар­дың көр­сет­кі­ші/14 жас­қа дей­ін өл­ген ба­ла­лар­дың са­ны 100-ге кө­бей­тіл­сін
Өз көр­сет­кі­ші 5% тө­мен­де­тіл­сін
17.
Ар­те­ри­я­лық ги­пер­то­ния на­у­қа­ста­рын ги­пер­то­ни­я­лық дағ­да­рыс күй­ін­де гос­пи­та­ли­за­ци­я­лау дең­гейі
Ар­те­ри­я­лық ги­пер­то­ния на­у­қа­ста­рын ги­пер­то­ни­я­лық дағ­да­рыс күй­ін­де гос­пи­та­ли­за­ци­я­лау са­ны/бар­лық ар­те­ри­я­лық ги­пер­тен­зи­я­мен «Д» есеп­те тұр­ған­дар­дың са­ны 100-ге кө­бей­тіл­сін
10%-дан көп емес
18.
Ха­лық­ты про­фи­лак­ти­ка­лық флю­о­ро­гра­фи­я­мен қам­ту
Про­фи­лак­ти­ка­лық флю­о­ро­гра­фи­я­мен қам­ты­л­ған ха­лық са­ны/тір­кел­ген ха­лық са­ны 100-ге кө­бей­тіл­сін
60%-дан көп емес
19.
Флю­о­ро­гра­фия әді­сі­мен тек­се­рі­л­ген тұ­лға­лар­дың ара­сын­да ту­бер­ку­лез­бен ауыр­ған­дар­ды анық­тау көр­сет­кі­ші
Жос­пар­лы флю­о­ро­гра­фи­я­лық тек­се­ру ке­зін­де анық­тал­ған ту­бер­ку­лез оқи­ға­ла­ры­ның са­ны/тек­се­ру ке­зе­ңін­де жос­пар­лы флю­о­ро­гра­фи­я­лық тек­се­ру жүр­гі­зі­л­ген тұ­лға­лар са­ны 100-ге кө­бей­тіл­сін
60%-дан көп емес
20.
Ту­бер­ку­лез­бен ауыр­ған­дар­дың ал­ғаш анық­тал­ған­да­ры ара­сын­да ас­қын­ды­ры­л­ған­дар­дың са­лы­стыр­ма­лы сал­ма­ғы
Ас­қын­ған ту­бер­ку­лез оқи­ға­ла­ры бар жа­ңа өк­пе ау­ру­ла­ры­ның са­ны/ере­сек­тер мен жа­сө­спі­рім­дер­дің ара­сын­да жа­ңа өк­пе ау­ру­ла­ры на­у­қа­ста­ры­ның са­ны 100-ге кө­бей­тіл­сін
1,5%-дан көп емес
21.
1-2 са­ты­да­ғы қа­тер­лі іс­ік­пен ауыр­ған­дар­дың ал­ғаш анық­тал­ған­да­ры­ның есеп­тік ке­зең­де­гі са­лы­стыр­ма­лы сал­ма­ғы
1-2 са­ты­да­ғы қа­тер­лі іс­ік ди­а­гно­зы ал­ғаш қой­ы­л­ған ау­ру­лар­дың есеп­тік ке­зең­де­гі са­ны/ди­а­гно­зы ал­ғаш қой­ы­л­ған­дар­дың са­ны 100-ге кө­бей­тіл­сін
Же­ке көр­сет­кі­шін жыл сай­ын 1% ұл­ғай­ту
22.
Қа­тер­лі іс­ік­пен ауыр­ған­дар­дың 5 жыл және одан көп өмір сү­ру­і­нің са­лы­стыр­ма­лы сал­ма­ғы
5 жыл және одан көп уа­қыт­та қа­да­ға­ла­уда­ғы қа­тер­лі іс­ік на­у­қа­ста­ры­ның са­лы­стыр­ма­лы сал­ма­ғы/Қа­тер­лі іс­ік се­бе­бі бой­ын­ша «Д» есеп­те­гі­лер­дің жал­пы са­ны
Же­ке көр­сет­кі­шін жыл сай­ын 1% ұл­ғай­ту
23.
Есеп­тік ке­зең­де­гі тір­кел­ген ха­лық ара­сын­да­ғы аку­ше­ри­я­лық қан ке­ту се­бе­бі­нен ана­лар өлім-жі­ті­мі­нің са­лы­стыр­ма­лы сал­ма­ғы
Есеп­тік ке­зең­де­гі тір­кел­ген ха­лық ара­сын­да­ғы аку­ше­ри­я­лық қан ке­ту се­бе­бі­нен ана­лар өлім-жі­ті­мі­нің са­ны/жа­ңа босан­ған­дар­дың са­ны 100-ге кө­бей­тіл­сін
Бұ­рын­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да 10% азаю
24.
Есеп­тік ке­зең­де­гі тір­кел­ген ха­лық ара­сын­да­ғы ге­сто­здар се­бе­бі­нен ана­лар өлім-жі­ті­мі­нің са­лы­стыр­ма­лы сал­ма­ғы
Есеп­тік ке­зең­де­гі тір­кел­ген ха­лық ара­сын­да­ғы ге­сто­здар се­бе­бі­нен ана­лар өлім-жі­ті­мі­нің са­ны/жа­ңа босан­ған­дар­дың са­ны 100-ге кө­бей­тіл­сін
Бұ­рын­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да өз көр­сет­кі­ші­нің 10% аза­юы
25.
Есеп­тік ке­зең­де­гі тір­кел­ген ха­лық ара­сын­да­ғы аборт­тар се­бе­бі­нен ана­лар өлім-жі­ті­мі­нің са­лы­стыр­ма­лы сал­ма­ғы
Есеп­тік ке­зең­де­гі тір­кел­ген ха­лық ара­сын­да­ғы аборт­тар се­бе­бі­нен ана­лар өлім-жі­ті­мі­нің са­ны/жа­ңа босан­ған­дар­дың са­ны 100-ге кө­бей­тіл­сін
Бұ­рын­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да 10% азаю
Же­дел ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту­ші ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар үшін ме­ди­ци­на­лық кө­мек са­па­сын ба­ға­лау ин­ди­ка­тор­ла­ры
26.
Бір тәу­лік ішін­де сол ау­руы бой­ын­ша бі­рін­ші ша­қы­ру сәті­нен ба­стап са­ны қай­та­лап ша­қы­ру оқи­ға­ла­ры­ның са­ны
1000 ша­қы­ру­лар­ға есеп­тік көр­сет­кіш­тер
Ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы ти­іс
27.
На­у­қас­қа же­ту уа­қы­тын ор­та­ша қа­лып­тас­қан уа­қыт­тан асы­ру
1000 ша­қы­ру­лар­ға есеп­тік көр­сет­кіш­тер
200 мың­нан аса хал­қы бар ел­ді ме­кен­дер­де ин­ди­ка­тор­дың мәні 15%-дан ас­па­уы ти­іс және 200 мың­нан кем хал­қы бар ел­ді ме­кен­дер­де ин­ди­ка­тор­дың мәні 2%-дан ас­па­уы ти­іс
28.
Ша­қы­ру­лар ке­зін­де бри­га­да­ның кө­зін­ше болған өлім-жі­тім
1000 ша­қы­ру­лар­ға есеп­тік көр­сет­кіш­тер
Ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы ти­іс
29.
Жет­кі­зі­л­ген­дер­дің ішін­де гос­пи­та­ли­за­ци­я­лан­ған­дар­дың са­лы­стыр­ма­лы сал­ма­ғы
1000 ша­қы­ру­лар­ға есеп­тік көр­сет­кіш­тер
Ин­ди­ка­тор­дың мәні 5%-дан ас­па­уы ти­іс
30.
Же­дел кө­мек және ста­ци­о­нар бри­га­да­сы гос­пи­та­ли­зи­за­ци­я­ла­ған на­у­қа­стар­дың ди­а­гноз­да­ры ара­сын­да­ғы ай­ыр­ма­шы­лық
1000 ша­қы­ру­лар­ға есеп­тік көр­сет­кіш­тер
Ин­ди­ка­тор­дың мәні 5%-дан ас­па­уы ти­іс
31.
Өт­кен жыл­мен са­лы­стыр­ған­да есеп­тік ке­зең­де­гі негіз­ді ша­ғым­ның жал­пы са­ны
Есеп­тік ке­зең­де­гі негіз­ді ша­ғым­ның жал­пы са­ны/өт­кен жыл­мен са­лы­стыр­ған­да есеп­тік ке­зең­де­гі негіз­ді ша­ғым­ның жал­пы са­ны 100-ге кө­бей­тіл­сін
Бұ­рын­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да мән 10%-ға тө­мен­де­уі ти­іс

2 Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
міндетін атқарушының
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 142 және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 5 наурыздағы
№ 122 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

1

1. Осы Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілерін тәуекелдер дәрежесі бойынша түрлі топтарға жатқызу үшін әзірленді.

2 2. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілері - денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар (бұдан әрі - бақылау субъектілері).

3

3. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың саласындағы тәуекел – Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес келмейтін дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру, дайындау, сырттан әкелу, сату, қолдану (пайдалану) нәтижесінде зардаптарының күрделілік дәрежесін есепке ала отырып, адам денсаулығына зиян келтіру мүмкіндігі.

4 4. Бақылау субъектілерін тәуекелдер дәрежесінің түрлі топтарына жатқызу біріншілік және кейінгі бөлулер арқылы жүзеге асырылады.

Бақылау субъектілерін тәуекелдер дәрежесінің түрлі топтарына біріншілік жатқызу объективті критерийлерді ескере отырып жүргізіледі.
Бақылау субъектілерін тәуекелдер дәрежесінің түрлі топтарына екіншілік жатқызу субъективті критерийлерді ескере отырып жүргізіледі.

5 5. Объективті критерийлер бойынша:

1 1) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасы айналысы саласындағы тәуекелдердің жоғары дәрежелі тобына жататын денсаулық сақтау ұйымдары:

дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын дайындаумен байланысты фармацевтикалық қызметпен айналысатын ұйымдар;
дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын көтерме саудада өткізумен байланысты фармацевтикалық қызметпен айналысатын ұйымдар;
стационарлық көмекпен, жедел медициналық көмекпен және санитарлық авиациямен байланысты медициналық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

2 2) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасы айналысы саласындағы тәуекелдердің орташа дәрежелі тобына жататын денсаулық сақтау ұйымдары:

дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын өндірумен байланысты фармацевтикалық қызметпен айналысатын ұйымдар;
дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын бөлшек саудада өткізумен байланысты фармацевтикалық қызметпен айналысатын ұйымдар;
амбулаториялық - емханалық көмек көрсететін ұйымдар;
қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдар;
адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ)/жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

3 3) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасы айналысы саласындағы тәуекелдердің елеусіз дәрежелі тобына жататын денсаулық сақтау ұйымдары:

дәрілік заттар айналысы саласындағы тиісті практиканың мемлекеттік стандарттарын енгізген ұйымдар;
сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар.

6 6. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасы айналысы саласындағы субъективті критерийлерді бағалау осы Критерийлерге 1-қосымшаға сәйкес анықталады.

Субъективті критерийлер балдық жүйемен үш түрге бөлінген:

1 1) өрескел бұзушылықтар – 40 балл және одан жоғары;

2 2) орташа бұзушылықтар – 5 баллдан 40 баллға дейін;

3 3) елеусіз бұзушылықтар – 1 баллдан 5 баллға дейін.

7 7. Бақылау субъектілері:

1 1) 40 (қоса алғанда) және одан жоғары балл жинағанда тәуекелдердің жоғары дәрежелі тобына жатқызылады;

2 2) 5-тен (қоса алғанда) бастап 40 баллға дейін жинағанда тәуекелдердің орташа дәрежелі тобына жатқызылады;

3 3) 1-ден (қоса алғанда) 5 баллға дейін жинағанда тәуекелдердің елеусіз дәрежелі тобына жатқызылады.

8 8. Тәуекелдердің бір тобының ішінде бақылау субъектілерін тексеруді басымдылықпен жоспарлауға негіз болып табылады:

1 1) жиналған баллдың жоғары саны;

2 2) тексерілмеген кезеңнің ұзақтығы, соның ішінде фармацевтикалық қызмет түрін жүзеге асыруға мемлекеттік лицензия алған уақыттан бері тексерудің жүргізілмеуі.

9

9. Тексеру жиілігін белгілеу үшін бақылау субъектісінің тәуекел дәрежесін анықтау есебін дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасы айналысы саласындағы мемлекеттік органның маманы жүргізеді және Алматы, Астана қалаларының, облыстың бас мемлекеттік фармацевтика инспекторы осы Критерийлерге 2-қосымшадағы нысанға сәйкес бекітеді.

2.1 Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасы айналысы саласындағы субъективті критерийлерді бағалау

Дәрілік заттар, медициналық
медициналық техниканы
айналысы салаларындағы
тәуекелдер дәрежесін
бағалау критерийлеріне
1-қосымша
Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасы айналысы саласындағы субъективті критерийлерді бағалау
№ р/с
Кри­те­рий­лер­дің ата­уы
Бұ­зу­шы­лық­тар тү­рі
Балл
1
Фар­ма­цев­ти­ка­лық қыз­мет­ке мем­ле­кет­тік ли­цен­зи­я­ның бол­мауы
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
2
Ны­сан­ның бөл­ме­ле­рі­нің құ­ра­мы­ның, кө­ле­мі­нің, жаб­дық­та­ры­ның бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес бол­мауы
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
3
Фар­ма­цев­ти­ка­лық бі­лі­мі бар ма­ман­дар­дың бі­лі­мі­нің, ең­бек өті­лі­нің бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес бол­мауы, со­ның ішін­де ат­қа­рып отыр­ған ла­у­а­зы­мы­на сәй­кест­і­гіне ат­те­ста­ци­ядан өт­пе­уі
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
4
Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы нар­ко­ти­ка­лық құ­рал­дар, пси­хо­троп­тық заттар мен пре­кур­сор­лар­ды өн­ді­ру, та­сы­мал­дау, са­тып алу, сақ­тау, бө­лу, өт­кі­зу, қол­да­ну, жою ере­же­ле­рін бұ­зу
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
5
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да мем­ле­кет­тік тір­ке­уден өт­пе­ген дә­рі­лік заттар, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар мен ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­сын өн­ді­ру, са­тып алу, сақ­тау, жар­на­ма­лау, өт­кі­зу, қол­да­ну
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
6
Сер­ти­фи­ка­ци­я­ла­удан өт­пе­ген дә­рі­лік заттар, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар мен ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­сын са­тып алу, сақ­тау, өт­кі­зу, қол­да­ну
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
7
Жал­ған дә­рі­лік заттар, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар мен ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­сын өн­ді­ру, сырт­тан әке­лу, са­тып алу, сақ­тау, та­сы­мал­дау, жар­на­ма­лау, өт­кі­зу, қол­да­ну
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
8
Өн­ді­рі­л­ген және әке­лін­ген дә­рі­лік заттар­дың құ­ра­мын­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да қол­да­ну­ға тый­ым са­лын­ған бо­я­ғы­штар мен қо­сым­ша заттар­ды қол­да­ну
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
9
Ти­іс­ті өн­ді­ріс тә­жі­ри­би­е­сі жағ­дай­ын­да жа­сал­ған дә­рі­лік суб­стан­ци­я­лар­дан бас­қа, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тір­кел­ме­ген дә­рі­лік суб­стан­ци­я­лар­ды неме­се жар­ты­лай өнім­дер­ді қол­да­ну
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
10
Ұй­ым­ның өнім стан­дар­тын­да көр­се­ті­л­ген стан­дарт­тау бой­ын­ша нор­ма­тив­тік құ­жат­қа сәй­кес емес өн­ді­ру үде­рі­сін­де қо­сым­ша затта­рын шы­ғыс және буып-түю ма­те­ри­ал­да­рын пай­да­ла­ну
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
11
Шы­ға­ры­ла­тын дай­ын өнім­дер­ді ме­ди­ци­на­лық неме­се фар­ма­цев­ти­ка­лық қыз­мет тү­рін жү­зе­ге асы­ру құқы­ғы­на ли­цен­зи­я­сы жоқ тұ­лға­лар­ға са­ту
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
12
Бел­гі­лен­ген са­па та­лап­та­ры­на сәй­кес бол­мауы анық­тал­ған­да неме­се бо­лжан­ған­да өн­ді­рі­л­ген және са­ты­л­ған дай­ын өнім­нің кез-кел­ген се­ри­я­сын қай­та­рып алу жүй­е­сі­нің бол­мауы
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
13
Дә­рі­лік заттар­ды, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар мен ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны өн­ді­ру және са­па­сын ба­қы­лау тәр­ті­бі­нің бұ­зы­луы
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
14
Сы­нақ­тар­ды жүр­гі­зу және дә­рі­лік заттар­ды сақ­тау және қай­та ба­қы­лау мер­зі­мін бе­кі­ту тәр­ті­бі­нің бұ­зы­луы
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
15
Дә­рі­лік заттар­ды, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар мен ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны таң­ба­лау ере­же­сі­нің бұ­зы­луы, со­ның ішін­де дә­рі­лік заттар­дың, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар­дың мем­ле­кет­тік және/неме­се орыс тіл­де­рін­де қол­да­ну­ға нұс­қа­улық­та­ры­ның, ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­сы үшін пай­да­ла­ну құ­жа­ты­ның бол­мауы
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
16
Дә­рі­лік заттар­ды, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар мен ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны сырт­тан әке­лу ере­же­ле­рі­нің бұ­зы­луы
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
17
Дә­рі­лік заттар­ды, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар мен ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны сақ­тау және та­сы­мал­дау шар­тта­ры­ның бұ­зы­луы
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
18
Жа­рам­ды­лық мер­зі­мі өт­кен дә­рі­лік заттар­ды, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар мен ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны сақ­тау, өт­кі­зу, қол­да­ну
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
19
Дә­рі­лік заттар­ды, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар мен ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны қа­был­дау және өт­кі­зу ке­зін­де ба­қы­ла­удың жүр­гі­зіл­ме­уі
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
20
Іле­с­пе құ­жа­тын тол­ты­ру­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар­дың сақ­тал­мауы
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
21
Сәй­кест­ік сер­ти­фи­кат­та­ры­ның неме­се кө­шір­ме­ле­рі­нің бол­мауы
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
22
Дә­рі­лік заттар­ды боса­ту­дың жо­ға­ры бір рет­тік және тәу­лік­тік нор­ма­ла­ры­ның бұ­зы­луы
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
23
Дә­рі­лік пре­па­рат­тар мен ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар­ды дай­ын­дау ере­же­ле­рі­нің бұ­зы­луы
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
24
Дай­ын­дал­ған дә­рі­лік пре­па­рат­тар­ға дә­рі­ха­на­і­ші­лік ба­қы­лау жүр­гі­зу ере­же­ле­рі­нің бұ­зы­луы
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
25
Ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар­да ТМККБК шең­бе­рін­де ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту­ге ар­нал­ған дә­рі­лік заттар­ды, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар мен ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­сын есеп­ке алу ере­же­ле­рі­нің бұ­зы­луы
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
26
ТМККБК шең­бе­рін­де дә­рі­лік заттар­ды, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар мен ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­сын қол­да­ну (бел­гі­леу) тәр­ті­бі­нің бұ­зы­луы
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
27
ТМККБК шең­бе­рін­де дә­рі­лік заттар­ды, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар мен ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­сын са­тып алу ере­же­сі­нің бұ­зы­луы
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
28
Ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­ның фор­му­ляр­лық ко­мис­си­я­сы­ның бол­мауы
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
29
Ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­ның бе­кі­ті­л­ген дә­рі­лік фор­му­ляры­ның бол­мауы
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
30
Ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­ның қар­жы­сы­ның есе­бі­нен са­тып алын­ған дә­рі­лік заттар, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар мен ме­ди­ци­на тех­ни­ка­сын есеп­ке алу мен сақ­тау тәр­ті­бі­нің бұ­зы­луы
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
31
ТМККБК шең­бе­рін­де же­дел, ста­ци­о­нар­лық, ста­ци­о­нар ал­ма­сты­ру­шы кө­мек­тер көр­се­ту­ге ар­нал­ған дә­рі­лік заттар­ды ар­найы таң­ба­ла­мау
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
32
Ре­цеп­ті­лер жа­з­бау неме­се қа­те жа­зу
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
33
Дә­рі­гер­дің ре­цеп­ті бой­ын­ша боса­ту­ға ар­нал­ған дә­рі­лік заттар­ды ре­цеп­ті­сіз өт­кі­зу
Өрес­кел бұ­зу­шы­лық­тар
40
34
Фар­ма­цев­ти­ка­лық бі­лі­мі бар ма­ман­дар­дың ти­іс­ті мер­зім­де бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру кур­ста­рын өт­пе­уі
Ор­та­ша бұ­зу­шы­лық­тар
5
35
Дә­рі­лік заттар­дың жа­на­ма әсер­ле­рі­нің мо­ни­то­рин­гін жүр­гіз­беу
Ор­та­ша бұ­зу­шы­лық­тар
5
36
Дә­рі­лік заттар­ды қол­да­ну­ға (бел­гі­ле­у­ге) са­рап­та­ма­ның жүр­гі­зіл­ме­уі
Ор­та­ша бұ­зу­шы­лық­тар
5
37
Ауа­ның тем­пе­ра­ту­ра­сын және ылғал­ды­лы­ғын анық­та­у­ға ар­нал­ған құ­рал­дар­дың бол­мауы
Ор­та­ша бұ­зу­шы­лық­тар
5
38
Дә­рі­лік заттар­дың, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар мен ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­сы­ның се­ри­я­лық есе­бі, со­ның ішін­де дә­рі­лік заттар­дың, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар мен ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның жа­рам­ды­лық мер­зі­мі­нің есе­бі жүр­гі­зіл­ме­уі
Ор­та­ша бұ­зу­шы­лық­тар
5
39
Дә­рі­лік заттар­ды, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар мен ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­сын жо­ю­дың ере­же­сі­нің бұ­зы­луы
Ор­та­ша бұ­зу­шы­лық­тар
5
40
Дә­рі­лік заттар­ды, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар мен ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны жар­на­ма­лау ере­же­сі­нің бұ­зы­луы
Ор­та­ша бұ­зу­шы­лық­тар
5
41
Тем­пе­ра­ту­ра­лық ре­жим мен ылғал­ды­лық­ты өл­шеу құ­рал­да­ры­ның көр­сет­кі­шін тір­кеу жур­на­лы­ның бол­мауы
Еле­у­сіз бұ­зу­шы­лық­тар
1
42
Ха­лық­тың та­ны­суы үшін ың­ғай­лы жер­де фар­ма­цев­ти­ка­лық қыз­мет­ке ли­цен­зи­я­сы­ның және оған ти­іс­ті қо­сым­ша­ның кө­шір­ме­ле­рі­нің ор­на­лас­па­уы
Еле­у­сіз бұ­зу­шы­лық­тар
1
43
Нор­ма­тив­тік құ­жат­тар мен анық­та­ма­лық әде­би­ет­тер­дің бол­мауы
Еле­у­сіз бұ­зу­шы­лық­тар
1
44
Ес­керт­пе жа­зу­лар мен дә­рі­лік заттар­дың, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар мен ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка ай­на­лы­сы са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ор­ган­ның аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі­нің те­ле­фон­да­ры және ме­кен-жайы, фар­ма­цев­ти­ка­лық анық­та­ма қыз­ме­ті­нің те­ле­фон нө­мір­ле­рі ту­ра­лы ақ­па­рат­тар­дың бол­мауы
Еле­у­сіз бұ­зу­шы­лық­тар
1

2.2 Дәрілік заттар, медициналық

мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы
айналысы салаларындағы
тәуекелдер дәрежесін
бағалау критерийлеріне
2–қосымша
нысан

0 Тексеру жиілігін белгілеу үшін бақылау субъектісінің тәуекел дәрежесін анықтау есебі ________________________________ нысанның атауы

Бекітемін
________________________________
(облысының, Алматы, Астана қ.қ.)
Бас фармацевтика инспекторы
______________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты, қолы)
_____жылғы «____» ____________
Тексеру жиілігін белгілеу үшін бақылау субъектісінің тәуекел дәрежесін анықтау есебі ________________________________ нысанның атауы

Объ­ек­тив­ті кри­те­рий бой­ын­ша тәу­е­кел то­бы
Жи­нал­ған балл­дар са­ны
Субъ­ек­тив­ті кри­те­рий бой­ын­ша балл­дар диа­па­зо­ны
Тәу­е­кел дә­ре­же­сі
Тек­се­ру­дің жи­і­лі­гі
1
2
3
4
5
6
Қорытынды
____________________________________________________________________ (нысанның атауы, оның тәуекел дәрежесі мен тексеру жиілігі жазбаша көрсетіледі)
____________________________________________________________________
Есепті жүргізген маманның тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, қолы

Қолданыстағы