Құжат мәтініне өту

Об утверждении Критериев оценки степени рисков природопользователей

Бұйрық · № 45-п · қабылданған 23.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-51436/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Критериев оценки степени рисков природопользователей Күшін жойған Бұйрық ·№ 45-п ·23.02.2010
11.08.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Критериев оценки степени рисков природопользователей

Күшін жойған Бұйрық ·№ 45-п · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Критериев оценки степени рисков природопользователей
Атауы (қаз.)
Табиғат пайдаланушылардың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
45-п
Қабылданған күні
23.02.2010
Көрсетілген редакция
11.08.2011 AI51436_2.kaz
Соңғы өзгеріс
11.08.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006126_
ЭКБ идентификаторы
51436
Редакция идентификаторы
AI51436_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:57

0 Табиғат пайдаланушылардың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің м.а. 2011.08.11 № 213-ө және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011.08.12 № 243 (алғаш рет ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабы 38) тармақшасына және «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған Табиғат пайдаланушылардың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) (С.Х. Мұташев):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен соң оны ресми жариялауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің инспекциялық тексеру жоспарын әзірлеу кезінде оны біркелкі пайдалану үшін белгіленген тәртіпте тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін қолдану рәсімін қамтамасыз етсін.

3 3. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары осы бұйрық талаптарын зерделеуді және орындауды ұйымдастырсын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі М.А. Тұрмағамбетовке жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми түрде жарияланғаннан кейiн он күнтізбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

0 Табиғат пайдаланушылардың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің 2010 жылғы
23 ақпандағы № 45-ө және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджетті
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 25 ақпандағы
№ 103 бірлескен бұйрығымен
бекітілді
Табиғат пайдаланушылардың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1

1. Табиғат пайдаланушылардың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен табиғат пайдаланушыларды тексеруді жоспарлау үшін әзірленді және табиғат пайдаланушының тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, табиғат пайдаланушыларды әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы.

2 2. Осы Критерийлерде мынадай ұғым қолданылады, экологиялық тәуекел – қоршаған ортаға зардаптың ауыртпалығы есебінен шаруашылық және өзге де қызмет нәтижесінде қоршаған орта және (немесе) табиғи объектілер жай-күйінің қолайсыз өзгерістерге ұшырау ықтималдығы.

3 3. Табиғат пайдаланушының тәуекел дәрежесі объективті және субъективті факторлар бойынша анықталады.

4 4. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес белгіленген табиғат пайдаланушының санаты объективті фактор табылады:

I-II санаттар – тәуекел дәрежесі жоғары объектілер;
III санат – тәуекел дәрежесі орташа объектілер;
IV санат – тәуекел дәрежесі төмен объектілер.
Ең алдымен объективті факторлар негізінде табиғат пайдаланушыларды тәуекел топтарына жатқызу бірінші рет жүзеге асырылуда.
Алғаш рет пайда болған табиғат пайдаланушылар объективті факторлардан туындайтын тәуекел топтарына жатқызылады.
Тексеру жоспарына енгізу өндірістік циклдің мынадай ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады:

1 1) жыл бойы өндірістік қызметті жүзеге асыратын, бірақ жыл мезгіліне байланысты қоршаған ортаға барынша әсер ететін табиғат пайдаланушылар олардың барынша әсер ету кездерінде ғана тексеру жоспарына енгізіледі.

2 2) өндірістік қызметті белгіленген жыл маусымдарында жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар олардың өндірістік қызметі кездерінде ғана тексеру жоспарына енгізіледі.

5

5. Бір топ ішіндегі табиғат пайдаланушыларды тексеруді жоспарлау ең көп рұқсат етілген эмиссия көлеміне сүйене отырып жүзеге асырылады. Рұқсат етілген эмиссия көлемі ретінде экологиялық рұқсаттармен белгіленген жылына/тонна өлшем бірлігіндегі шығарындының, төгіндінің, қалдықтың рұқсат етілген мөлшерлерінің сомасы қабылданады.

6 6. Объективті факторлар негізінде жүргізілген табиғат пайдаланушыны тексеру қорытындылары бойынша Критерийлерге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес субъективті факторлар бойынша бағалау жүзеге асырылады.

7 7. Жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша, жиналған баллды ескере отырып, табиғат пайдаланушылар тиісті тәуекел тобына жатқызылады.

8 8. Тәуекел дәрежесін бағалау жалпы балы бойынша I–III санаттардағы табиғат пайдаланушылар 11 баллға дейін – тәуекел дәрежесі төмен топқа, 11-ден 40 баллға дейін – тәуекел дәрежесі орташа топқа, 40 және одан да көп балл – тәуекел дәрежесі жоғары топқа жатқызылады.

9 9. IV санаттағы табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға 300 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) жоғары залал келтірілсе не (немесе) табиғат қорғау заңнамасының 5 және одан да көп бұзушылықтарына жол берсе, тәуекел дәрежесі орташа топқа енгізіледі.

10 10. IV санаттағы табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға 300 АЕК кем залал келтірілсе не (немесе) табиғат қорғау заңнамасының 5 және одан аз бұзушылықтарына жол берсе, тәуекел дәрежесі төмен топқа енгізіледі.

1 I-III санаттағы табиғат пайдаланушылардың тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті факторлары

Табиғат пайдаланушылардың
тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне 1-қосымша
I-III санаттағы табиғат пайдаланушылардың тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті факторлары

Кри­те­рий­лер
балл
1
Қа­ра­жат­ты иге­ру жө­нін­де­гі та­би­ғат қор­ғау іс-ша­ра­ла­ры­ның жос­пар­ла­рын орын­дау
50% дей­ін
20
50-75%
15
75-99%
5
2
Зи­ян­ды заттар­дың шы­ға­рын­ды­ла­ры мен тө­гін­ді­ле­рі­нің өн­ді­рі­стік эко­ло­ги­я­лық ба­қы­ла­у­ын жүр­гі­зу
жыл сай­ын
20
тоқ­сан сай­ын
15
ай сай­ын
10
ап­та сай­ын
5
күн сай­ын
0
3
Ин­спек­ци­я­мен негіз­сіз деп та­ны­л­ған өті­ніш­тер­ді қо­с­па­ған­да өті­ніш бе­ру­ге се­беп болған оқи­ға
1 оқи­ға үшін 10 балл
4
Та­би­ғат қор­ғау заң­на­ма­сы­ның бұ­зу­шы­лық­та­ры­на жол бе­ру
1 бұ­зу­шы­лық үшін 5 балл
5
Қор­ша­ған ор­та­ға за­лал кел­ті­ру
за­лал құ­ны 300 АЕК* жо­ға­ры
30
за­лал құ­ны 300 АЕК* тө­мен
15
6
Қор­ша­ған ор­та­ға ла­ста­у­шы заттар­дың шы­ға­рын­ды­ла­ры мен тө­гін­ді­ле­рі­нің және өн­ді­ріс және тұ­ты­ну қал­дық­та­рын ор­на­ла­сты­ру кө­лем­де­рін асы­ру
3 % жо­ға­ры
30
3 % дей­ін
15
7
Та­би­ғат қор­ғау заң­на­ма­сы­ның қай­та­лан­ған бұ­зу­шы­лық­та­ры­на жол бе­ру
соң­ғы 3 жыл­да 3 рет қай­та­лан­ған заң­на­ма нор­ма­ла­ры­ның бұ­зу­шы­лық­та­ры
30
соң­ғы 3 жыл­да 2 рет қай­та­лан­ған заң­на­ма нор­ма­ла­ры­ның бұ­зу­шы­лық­та­ры
15
8
Эко­ло­ги­я­лық рұқ­сат­тың жоқ бо­луы неме­се оның кү­шін жою
30
* АЕК – айлық есептік көрсеткіш.

2 IV санаттағы табиғат пайдаланушылардың тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті факторы

Табиғат пайдаланушылардың
тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне 2-қосымша
IV санаттағы табиғат пайдаланушылардың тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті факторы
Кри­те­рий­лер
Та­би­ғат қор­ғау заң­на­ма­сы­ның қай­та­лан­ған бұ­зу­шы­лық­та­ры­на жол бе­ру
Қор­ша­ған ор­та­ға за­лал кел­ті­ру 300 АЕК* жо­ға­ры және (неме­се) 5-тен көп бұ­зу­шы­лық жа­са­са
5 және одан аз бұ­зу­шы­лық жа­са­са және (неме­се) қор­ша­ған ор­та­ға за­лал кел­ті­ру 300 АЕК* тө­мен
* АЕК – айлық есептік көрсеткіш.

Қолданыстағы