О внесении дополнений и изменений в некоторые нормативные правовые акты Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций по вопросам рынка ценных бумаг
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в некоторые нормативные правовые акты Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций по вопросам рынка ценных бумаг
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 18
- Қабылданған күні
- 01.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2016 AI51448_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006134_
- ЭКБ идентификаторы
- 51448
- Редакция идентификаторы
- AI51448_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:53
0 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Агенттік Басқармасының «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есепті қарау ережесі:
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Келесі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін банктің барынша төмен кредиттік рейтингі алдыңғы шығарылымдардың облигациялары айналыста бар болғанда «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-»-тен немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасынан төмен емес болуы тиіс.»;
14-тармақтың екінші бөлігінде:
2) тармақшада:
«эмитенттің» деген сөз «банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;
«.» деген тыныс білгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) келесі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға беру күнінде банктің осы Ереженің 13-1-тармағында белгіленген барынша төмен кредиттік рейтингі бар.».
2 2.
📌 Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3 3.
📌 Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
4 4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Осы қаулының 2 және 3-тармақтарының қолданысы 2010 жылғы 01 ақпаннан бастап туындайтын қатынастарға таралады.