О погашении кредиторской задолженности по выплате государственных социальных пособий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О погашении кредиторской задолженности по выплате государственных социальных пособий
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті өтеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8a
- Қабылданған күні
- 03.01.2000
- Көрсетілген редакция
- 03.01.2000 AI5146_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.01.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P00000008A_
- ЭКБ идентификаторы
- 5146
- Редакция идентификаторы
- AI5146_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:43
0 Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті өтеу туралы
1998 жыл үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу жөніндегі
кредиторлық берешекті өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулы етеді:
1. "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334 қаулысына мынадай өзгерістер
енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
ІҮ "Шығыстар" бөлімінде:
6 "Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек" функционалдық
тобында:
1 "Әлеуметтік қамтамасыз ету" ішкі функциясында:
213 "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі" мекемесінде:
30 "Зейнетақы бағдарламалары" бағдарламасында:
"100607442" деген сан "99770159" деген санмен ауыстырылсын;
30 "Ортақ зейнетақыларды төлеу" ішкі бағдарламасында "100607442"
деген сан "99770159" деген санмен ауыстырылсын;
31 "Жалпы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар" бағдарламасында:
"27186045" деген сан "2841961" деген санмен ауыстырылсын;
30 "Мүгедектігі бойынша" ішкі бағдарламасында "14323095" деген сан
"14397900" деген санмен ауыстырылсын;
31 "Асыраушысынан айрылуына байланысты" ішкі бағдарламасында
"12282918" деген сан "13445215" деген санмен ауыстырылсын;
32 "Жасы бойынша" ішкі бағдарламасында "580032" деген сан "576046"
деген санмен ауыстырылсын;
45 "Жерлеуге берілетін жәрдемақы" бағдарламасында:
"1278406" деген сан "882573" деген санмен ауыстырылсын;
30 "Зейнеткерлерді, соғысқа қатысушылар мен мүгедектерді жерлеуге берілетін жәрдемақы" ішкі бағдарламасында "1117099" деген сан "691582" деген санмен ауыстырылсын;
31 "Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларды жерлеуге берілетін жәрдемақы" ішкі бағдарламасында "161307" деген сан "190991" деген санмен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан
Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 1999
жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік
мұқтаждарға көзделген қаражат есебінен 292348000 (екі жүз тоқсан екі
миллион үш жүз қырық сегіз мың) теңгені асыраушысынан айрылуына байланысты
жәрдемақыларды төлеу жөніндегі берешекті өтеу үшін бөлсін.