О вопросах Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О вопросах Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 245
- Қабылданған күні
- 30.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 15.08.2014 AI51460_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P100000245_
- ЭКБ идентификаторы
- 51460
- Редакция идентификаторы
- AI51460_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:41
0 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне ұйымдардың жарғыларын бекітуге енгізсін және оларды әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;
2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 30 наурыздағы
№ 245 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 295-2-жолмен толықтырылсын:
295-2 «295-2. «Өрт сөндіруші» АҚ»;
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетіне» деген бөлім алынып тасталсын.
3 3. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі комитеттерінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 626 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 24, 251-құжат):
1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Кәсіпорын» және «Акционерлік қоғам» деген бөлімдер алынып тасталсын;
2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Кәсіпорындар» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәсіпорын
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің орталық штабы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Астана қаласы».