Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об основных правилах розничной торговли периодическими печатными изданиями, публикующими материалы эротического характера

Ереже · № 1-795р · қабылданған 12.01.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-5152/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об основных правилах розничной торговли периодическими печатными изданиями, публикующими материалы эротического характера Күшін жойған 12.01.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об основных правилах розничной торговли периодическими печатными изданиями, публикующими материалы эротического характера

Күшін жойған Ереже № 1-795р 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об основных правилах розничной торговли периодическими печатными изданиями, публикующими материалы эротического характера
Атауы (қаз.)
Эротикалық сипатта материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сатудың Негізі ережелері туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1-795р
Қабылданған күні
12.01.2000
Көрсетілген редакция
12.01.2000 5152_254092.kaz
Соңғы өзгеріс
12.01.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00V000259_
ЭКБ идентификаторы
5152
Редакция идентификаторы
5152_254092
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:42
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Эротикалық сипатта материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сатудың Негізі ережелері туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 2001 жылғы 2 мамырдағы № 1034 шешімімен.
«Бұқаралық ақпарат құралдарды туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-1 Заңының 14 бабы 2 тармағына сәйкес:

1. Эротикалық сипатта материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімдерін сатудың Негізді ережелері бекітілсін (қоса берілуде).

2. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабы 2 тармағына сәйкес қалалар мен аудандардың әкімдері эротикалық сипатта материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сатуға арналған орындар айқындасын.

3. Тиісті шешімдер қабылдау үшін Шығыс Қазақстан облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы басқа да бақылаушы органдармен бірлесіп эротикалық сипатта материалдар жариялайтын аймақтық басылымдардың, сондай-ақ шетелдерден әкелінетін баслымдардың мониторингін жүзеге асырсын.

4. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары Т.Ж. Абайділдинге жүктелсін.

5 Эротикалық сипатта материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сатудың

Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің
2000 жылғы «12» қаңтар
№ 1-795 өкіміне қосымша
Эротикалық сипатта материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сатудың
НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы ережелер «Бұқаралық ақпарат қүралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-1 Заңының 14 бабы 2 тарамағының негізінде әзірленді.

1. Эротикалық сипатта материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек саудада жергілікті атқару органдарының арнайы шешімімен белгіленіп, арнайы бөлінген станционарлық орынжайларда ғана сатуға жол беріледі.

2. Мәдениет ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің берген БАҚ-ты есепке қою туралы куәліктің түпнұсқасымен бірге эротиқалық сипатта материалдар жариялаудың тақырыптық бағыты шешім шығаруға негіз болады.

Шешімде мыналар көрсетілуі тиіс: мерзімді баспасоз басылымының атауы, сату үшін белгіленген мерзімдері мен орындары.

3. Көрсетілген баспасөз өнімін:

1) 18 жасқа толмаған адамдарға;

2) балалар және оқу мекемелерінде, олардың маңайындағы радиусы 300 метрге дейінгі аумақтарда;

3) мемлекеттік мекемелерде, сәулеттік және тарихи ескерткіштерге таяу жерде, мәдениет мекемелерінде;

4) қогамдық көлікте, көпшілік жүрт жиналатын жерлерде қолдан сатуға тыйым салынады.

4. Эротикалық сипатта материалдар жариялайтын БАҚ мерзімді баспасөзін бөлшек саудада сату ережелерін бұзу Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен белгіленген жауапкершілікке әкеліп соғады.

5. Осы ережелердің сақталуына бақылау жасауды соған уәкілдік берілген органдар заңдар белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

6. Тексеру нәтижелері бойынша бақылаушы органдар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шаралар қолданады.

7. Осы ережелер таяу және алыс шетелдерден әкелінетін осындай мерзімдік баспасөз басылымдарына да қатысты.

8. Шетелдерден әкелінетін баспасөз өнімдерін сатумен шұғылданатын жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беруге кәсіпкерлік қызметпен шұғылдануға құқық беретін құжат негіз болады.

Шығыс Қазақстан облысының
Әкімі аппаратының басшысы
Т. Ибраев