Құжат мәтініне өту

О вопросах социально-предпринимательских корпораций

Қаулы · № 266 · қабылданған 31.03.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-51552/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О вопросах социально-предпринимательских корпораций Қолданыста Қаулы ·№ 266 ·31.03.2010
28.08.2015 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О вопросах социально-предпринимательских корпораций

Қолданыста Қаулы ·№ 266 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О вопросах социально-предпринимательских корпораций
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
266
Қабылданған күні
31.03.2010
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI51552_8.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000266_
ЭКБ идентификаторы
51552
Редакция идентификаторы
AI51552_8
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:39

0 Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі - Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 50 (елу) пайыздық тең үлестермен Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының коммуналдық меншігіне;

2 2) «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 50 (елу) пайыздық тең үлестермен Алматы қаласы және Алматы облысының коммуналдық меншігіне;

3 3) «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 33,3333 (отыз үш бүтін он мыңнан үш мың үш жүз отыз үш) пайыздық тең үлестермен Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарының коммуналдық меншігіне;

4 4) «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 50 (елу) пайыздық тең үлестермен Маңғыстау және Атырау облыстарының коммуналдық меншігіне;

5 5) «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 50 (елу) пайыздық тең үлестермен Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының коммуналдық меншігіне;

6 6) «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 50 (елу) пайыздық тең үлестермен Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының коммуналдық меншігіне;

7 7) «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 33,3333 (отыз үш бүтін он мыңнан үш мың үш жүз отыз үш) пайыздық тең үлестермен Астана қаласы, Қарағанды және Ақмола облыстарының коммуналдық меншігіне берсін.

2

2. Алматы қаласы және Алматы облысының әкімдері «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін коммуналдық меншікке қабылдағаннан кейін Комитетпен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» акционерлік қоғамы акцияларының пакетін республикалық меншікке беруді қамтамасыз етсін.

3

3. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының әкімдері осы қаулының 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың акцияларын заңнамада белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке қабылдағаннан кейін осы қаулыға қосымшаға сәйкес мүлікті көрсетілген әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталдарын төлеуге беруді қамтамасыз етсін.

4

5 5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Комитет пен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

6 6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

7 7. «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 185 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

8 Облыстардың және Алматы қаласының әкімдері әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталдарын төлеуге беретін мүліктің тізбесі

8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                               К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 31 наурыздағы
№ 266 қаулысына
қосымша
Облыстардың және Алматы қаласының әкімдері әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталдарын төлеуге беретін мүліктің тізбесі
Р/с

Мү­лік­тің ата­уы
Ор­на­лас­қан же­рі
Мем­ле­кет­тік үлес, %
«Ба­тыс» әле­умет­тік-кә­сіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­сы» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы» АҚ
1
«Ақ­тө­бе» өңір­лік ин­ду­стри­я­лық тех­но­пар­кі» ЖШС
Ақ­тө­бе қ.
30
2
«Трол­лей­бус пар­кі» ЖШС
Ақ­тө­бе қ.
100
3
«Ел Ыры­сы» ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­ар­ла­ры­ның кө­тер­ме-бөл­шек ба­за­ры» ЖШС
Орал қ.
100
4
«Ақ­сай ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы кө­тер­ме-бөл­шек ба­за­ры» ЖШС
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы, Ақ­сай қ., Бөр­лі ауда­ны
100
5
«Жай­ық жа­ры­ғы» ЖШС
Орал қ.
100
«Же­ті­су» әле­умет­тік-кә­сіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­сы» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы» АҚ
6
«Қаз­мед­сер­вис» ЖШС
Ал­ма­ты қ.
4,6
7
«Гэ­ле» ЖШС
Ал­ма­ты қ.
31
«Оң­тү­стік» әле­умет­тік-кә­сіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­сы» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы» АҚ
8
«Сәу­лет ор­та­лы­ғы» ЖШС
Қы­зы­лор­да қ.
100
«Кас­пий» әле­умет­тік-кә­сіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­сы» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы» АҚ
9
«Маң­ғы­стау» ин­ве­сти­ци­я­лық ком­па­ни­я­сы» АҚ
Ақ­тау қ.
26,02
«Ер­тіс» әле­умет­тік-кә­сіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­сы» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы» АҚ
10
«Шы­ғы­сжар­на­ма» ЖШС
Өс­ке­мен қ.
100
11
«Ал­тай» өңір­лік ғы­лы­ми-тех­но­ло­ги­я­лық пар­кі» ЖШС
Өс­ке­мен қ.
23,08
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 31 наурыздағы
№ 266 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Ақмола облысы» бөлімінде:
реттік нөмірі 68-9-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 68-10-жолмен толықтырылсын:

68-10 «68-10. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Астана қаласы» бөлімінде:
реттік нөмірі 107-8-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 107-9-жолмен толықтырылсын:

107-9 «107-9. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Алматы облысы» бөлімінде:
реттік нөмірі 198-18-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 198-19-жолмен толықтырылсын:

198-19 «198-19. «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Алматы қаласы» бөлімінде:
реттік нөмірі 292-56-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 292-57-жолмен толықтырылсын:

292-57 «292-57. «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Ақтөбе облысы» бөлімінде:
реттік нөмірі 346-5-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 346-6-жолмен толықтырылсын:

346-6 «346-6. «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Атырау облысы» бөлімінде:
реттік нөмірі 384-4-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 384-5-жолмен толықтырылсын:

384-5 «384-5. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Шығыс Қазақстан облысы» бөлімінде:
реттік нөмірі 495-10-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 495-11-жолмен толықтырылсын:

495-11 «495-11. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Жамбыл облысы» бөлімінде:
реттік нөмірі 545-9-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 545-10-жолмен толықтырылсын:

545-10 «545-10. «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Батыс Қазақстан облысы» бөлімінде:
реттік нөмірі 600-6-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 600-7-жолмен толықтырылсын:

600-7 «600-7. «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Қарағанды облысы» бөлімінде:
реттік нөмірі 751-3-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 751-4-жолмен толықтырылсын:

751-4 «751-4. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Қызылорда облысы» бөлімінде:
реттік нөмірі 768-4-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 768-5-жолмен толықтырылсын:

768-5 «768-5. «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Қостанай облысы» бөлімінде:
реттік нөмірі 822-16-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 822-17-жолмен толықтырылсын:

822-17 «822-17. «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Маңғыстау облысы» бөлімінде:
реттік нөмірі 871-5-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 871-6-жолмен толықтырылсын:

871-6 «871-6. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Павлодар облысы» бөлімінде:
реттік нөмірі 967-17-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 967-18-жолмен толықтырылсын:

967-18 «967-18. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Солтүстік Қазақстан облысы» бөлімінде:
реттік нөмірі 1015-27-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмүндағы реттік нөмірі 1015-28-жолмен толықтырылсын:

1015-28 «1015-28. «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Оңтүстік Қазақстан облысы» бөлімінде:
реттік нөмірі 1078-9-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1078-10-жолмен толықтырылсын:

1078-10 «1078-10. «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Алматы облысы» бөлімінде:
реттік нөмірі 38-5-жол алынып тасталсын.

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне» бөлімінде:
реттік нөмірі 237-43-жол алынып тасталсын.

3

4

5

Қолданыстағы