Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые постановления акимата города Темиртау

Қаулы · № 8/1 · қабылданған 04.03.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-51557/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые постановления акимата города Темиртау Күшін жойған Қаулы ·№ 8/1 ·04.03.2010
03.03.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые постановления акимата города Темиртау

Күшін жойған Қаулы ·№ 8/1 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые постановления акимата города Темиртау
Атауы (қаз.)
Теміртау қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8/1
Қабылданған күні
04.03.2010
Көрсетілген редакция
03.03.2011 51557_174964.kaz
Соңғы өзгеріс
03.03.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10KC000100
ЭКБ идентификаторы
51557
Редакция идентификаторы
51557_174964
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:50

0 Теміртау қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы N 3/8 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетуге шығындарды төлеу үшін материалдық көмек көрсету туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-95 нөмірмен тіркелген, "Зеркало" газетінің 2010 жылғы 24 ақпандағы N 08 нөмірінде, "Теміртау" газетінің 2010 жылғы 3 наурыздағы N 9 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

4 4 тармақ келесі мәтінде берілсін:

4 "4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.".

2

2. Теміртау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы N 3/9 "Негізгі азық – түлік өнімдер бағасының өсуіне байланысты азаматтардың жекеленген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-94 нөмірмен тіркелген, "Зеркало" газетінің 2010 жылғы 24 ақпандағы N 08 нөмірінде, "Теміртау" газетінің 2010 жылғы 3 наурыздағы N 9 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

5 5 тармақ келесі мәтінде берілсін:

5 "5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.".

3

3. Теміртау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы N 3/10 "Қалалық бюджет қаражатынан төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-93 нөмірмен тіркелген, "Зеркало" газетінің 2010 жылғы 24 ақпандағы N 08 нөмірінде, "Теміртау" газетінің 2010 жылғы 3 наурыздағы N 9 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
2-қосымшадағы 11 тармақ келесі мәтінде берілсін:

11 "11. Учаскелік полиция инспекторларына халықпен жұмыс істеуіне көмек көрсету.".

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

Қолданыстағы