Қолданыстағы ред. 19.02.2010

Ортадересін селолық округі көлеміндегі құрамдас бөлігінің елді-мекендердегі көшелерге ат беру жөнінде от 19.02.2010 г. № 1 (Ортадересін селолық округі көлеміндегі құрамдас бөлігінің елді-мекендердегі көшелерге ат беру жөнінде)

0

Ортадересін селолық округі көлеміндегі құрамдас бөлігінің елді-мекендердегі көшелерге ат беру жөнінде
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық – географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысына, Ортадересін селолық округі тұрғындарының 2008 жылғы 10 маусымындағы N 8, 9 жиналыс хаттамаларына және Ақтоғай ауданының әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2009 жылғы 29 қыркүйектегі N 188/1-9 ұйғарымына сәйкес Ортадересін селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Ақжайдақ елді мекеніндегі:
N 1 көшесі - Достық көшесі деп;
N 2 көшесі - Бәйтерек көшесі деп қайта аталсын.

2

2. Ортадересін станциясындағы елді мекеніндегі:
Атауы жоқ көшеге - Ақорда деген көше атауы берілсін.

3

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4

4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.