Ортадересін селолық округі көлеміндегі құрамдас бөлігінің елді-мекендердегі көшелерге ат беру жөнінде Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ортадересін селолық округі көлеміндегі құрамдас бөлігінің елді-мекендердегі көшелерге ат беру жөнінде Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық – географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысына, Ортадересін селолық округі тұрғындарының 2008 жылғы 10 маусымындағы N 8, 9 жиналыс хаттамаларына және Ақтоғай ауданының әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2009 жылғы 29 қыркүйектегі N 188/1-9 ұйғарымына сәйкес Ортадересін селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақжайдақ елді мекеніндегі: N 1 көшесі - Достық көшесі деп; N 2 көшесі - Бәйтерек көшесі деп қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Ортадересін станциясындағы елді мекеніндегі: Атауы жоқ көшеге - Ақорда деген көше атауы берілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.