Қолданыстағы ред. 19.02.2010

Шабанбай би селолық округі көлеміндегі құрамдас бөлігінің елді-мекендердегі көшелерге ат беру жөнінде от 19.02.2010 г. № 1 (Шабанбай би селолық округі көлеміндегі құрамдас бөлігінің елді-мекендердегі көшелерге ат беру жөнінде)

0

Шабанбай би селолық округі көлеміндегі құрамдас бөлігінің елді-мекендердегі көшелерге ат беру жөнінде
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық – географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысына, Шабанбай би селолық округі тұрғындарының 2008 жылғы 10 маусымындағы N 9-10-11 жиналыс хаттамасы, және Ақтоғай ауданының әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2008 жылғы 26 маусымдағы ұйғарымына сәйкес Шабанбай би селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Өндіріс елді мекеніндегі:
атауы жоқ көшеге – Қасабай көшесі атауы;

2

2. Бегазы елді мекеніндегі:
атауы жоқ көшеге – Қаратал көшесі атауы;

3

3. Сона елді мекеніндегі:
атауы жоқ көшеге – Құлжа көшесі атауы берілсін.

4

4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5

5. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.