Шабанбай би селолық округі көлеміндегі құрамдас бөлігінің елді-мекендердегі көшелерге ат беру жөнінде Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шабанбай би селолық округі көлеміндегі құрамдас бөлігінің елді-мекендердегі көшелерге ат беру жөнінде Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық – географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысына, Шабанбай би селолық округі тұрғындарының 2008 жылғы 10 маусымындағы N 9-10-11 жиналыс хаттамасы, және Ақтоғай ауданының әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2008 жылғы 26 маусымдағы ұйғарымына сәйкес Шабанбай би селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Өндіріс елді мекеніндегі: атауы жоқ көшеге – Қасабай көшесі атауы;
Тармақ 2
2. Бегазы елді мекеніндегі: атауы жоқ көшеге – Қаратал көшесі атауы;
Тармақ 3
3. Сона елді мекеніндегі: атауы жоқ көшеге – Құлжа көшесі атауы берілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.