Жастар практикасын ұйымдастыру туралы
ҚАЗЖастар практикасын ұйымдастыру туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жастар практикасын ұйымдастыру туралы
- Атауы (қаз.)
- Жастар практикасын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 112
- Қабылданған күні
- 26.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 27.01.2012 · қолданыстағы 51610_208439.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 27.01.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10ZG000104
- ЭКБ идентификаторы
- 51610
- Редакция идентификаторы
- 51610_208439
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:43
0 Жастар практикасын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын басшылыққа алып, сондай-ақ тұрғындарды жұмыспен қамту шараларың ұлғайту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлерді бітірген түлектердің білімін, шеберлігін, дағдысын жетілдіру үшін және тәжірибе алу мақсатында, "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (әрі қарай – Уәкілетті орган) тіркелген, мамандығы бойынша жұмыс өтілі болмаған жас мамандарды жұмысқа орналастыру, әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар ретінде, жастар практикасы ұйымдастырылсын.
2 2. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, уәкілетті орган жастар практикасын бағыттау үшін жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері арасынан жұмыссыздар санын анықтасын.
3
3. Жастар практикасын іске асыру – уәкілетті орган, жастар практикасы төңірегіндегі уақытша жұмыс орындарын ұсынуға өтініш білдірген жұмыс берушілер, жастар практикасына қатысушылармен өзара жасақталатын келісім шарттар және жұмысқа қабылдағаны туралы жұмыс берушілердің актілері негізінде жүргізілсін.