Құжат мәтініне өту

Жастар практикасын ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 112 · қабылданған 26.03.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.01.2012 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-51610/?version=51610_208439.kaz
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Жастар практикасын ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 112 ·26.03.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Жастар практикасын ұйымдастыру туралы

ҚАЗЖастар практикасын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 112 · қабылданған 26.03.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Жастар практикасын ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
Жастар практикасын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
112
Қабылданған күні
26.03.2010
Көрсетілген редакция
27.01.2012 · қолданыстағы 51610_208439.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
27.01.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10ZG000104
ЭКБ идентификаторы
51610
Редакция идентификаторы
51610_208439
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:43

0 Жастар практикасын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын басшылыққа алып, сондай-ақ тұрғындарды жұмыспен қамту шараларың ұлғайту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлерді бітірген түлектердің білімін, шеберлігін, дағдысын жетілдіру үшін және тәжірибе алу мақсатында, "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (әрі қарай – Уәкілетті орган) тіркелген, мамандығы бойынша жұмыс өтілі болмаған жас мамандарды жұмысқа орналастыру, әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар ретінде, жастар практикасы ұйымдастырылсын.

2 2. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, уәкілетті орган жастар практикасын бағыттау үшін жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері арасынан жұмыссыздар санын анықтасын.

3

3. Жастар практикасын іске асыру – уәкілетті орган, жастар практикасы төңірегіндегі уақытша жұмыс орындарын ұсынуға өтініш білдірген жұмыс берушілер, жастар практикасына қатысушылармен өзара жасақталатын келісім шарттар және жұмысқа қабылдағаны туралы жұмыс берушілердің актілері негізінде жүргізілсін.

4 4. Жастар практикасын өткізу жөніндегі іс-шаралар жергілікті бюджет қаражаты мен республикалық бюджеттің мақсатты трансферттері есебінен жүзеге асырылады.

5 5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтардан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

6 6. Осы қаулыны орындау барысы аудан әкімінің орынбасары Г. М. Құлжановаға жүктелсін.