О льготном проезде на общественном транспорте (кроме такси) для обучающихся и воспитанников организаций образования очной формы обучения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О льготном проезде на общественном транспорте (кроме такси) для обучающихся и воспитанников организаций образования очной формы обучения
- Атауы (қаз.)
- Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 27-11
- Қабылданған күні
- 12.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2011 51618_162299.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10ZA000180
- ЭКБ идентификаторы
- 51618
- Редакция идентификаторы
- 51618_162299
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:48
0 Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, 47 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 6 бабының 4) тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасын басшылыққа алып, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Орал қаласындағы бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлер үшiн қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүру құқығы берілсін.
2 2. Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджеттен тиісті күнтізбелік жылға арналған "Бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлерді әлеуметтік қолдау" 6.02.464.008. бағдарламасы бойынша қаражат бөлу қамтамасыз етілсін.
3 3. Орал қаласының әкімдігіне осы шешімді жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдау ұсынылсын.
4
4. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласындағы бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлер үшiн қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүру туралы" 2009 жылғы 31 наурыздағы № 15-10 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-134 тіркелген, 2009 жылғы 23 сәуірде "Жайық үні" газетінде № 17 және 2009 жылғы 23 сәуірде "Пульс города" газетінде № 17 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.