О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 21/258
- Қабылданған күні
- 18.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2011 AI51630_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10KI000079
- ЭКБ идентификаторы
- 51630
- Редакция идентификаторы
- AI51630_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:46
0 Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Абай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі аудандық уәкілетті орган ("Абай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ж.М. Мәкенова) ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына бекітілген бюджетке және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленген мөлшеріне сәйкес әлеуметтік қолдау шараларын уақытында берілуі жүзеге асырылсын.
2 2. Ауыл және кент әкімдері, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт басшылары:
1 1) әлеуметтік қолдау шараларын алатын үміткерлермен ұйымдастыру жұмысын жүргізсін;
2 2) әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала мамандарын ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі аудандық уәкілетті органға жіберсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика және аграрлық реформа, бюджеттік сала және кәсіпкерлік қызмет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (Г.Т. Бахраева).
4 4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
"Абай ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Ж. Мәкенова