Нысаналы топтардың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
ҚАЗНысаналы топтардың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Нысаналы топтардың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Атауы (қаз.)
- Нысаналы топтардың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 29
- Қабылданған күні
- 22.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2016 · қолданыстағы 51633_117881.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10DM000111
- ЭКБ идентификаторы
- 51633
- Редакция идентификаторы
- 51633_117881
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:58
0 Нысаналы топтардың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабының 4-тармағына сәйкес, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1 1. Нысаналы топтардың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын барлық меншік нысанындағы жұмыс берушілерді іріктеудің тәртібі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2 2. Әлеуметтік жұмыс орындары халықтың нысаналы топтары үшін ұйымдастырылады.
3 3. "Кербұлақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі нысаналы топтардың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады.
4 4. "Кербұлақ аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген нысаналы топтардың жұмыссыздарының еңбекақысын аудандық бюджетте көзделген қаражаттан нысаналы трансферттерден қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5 5. Осы қаулы ол алғаш жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Болысбай Тоғысбайұлы Момбаевқа жүктелсін.
7 Кербұлақ аудандық
әкімдігінің 2010 жылғы
22 ақпанындағы
N 29 қаулысына қосымша
Нысаналы топтардың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін
әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс
берушілерді іріктеу
ережесі
1 1. Жұмыс беруші "Кербұлақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі-Уәкілетті орган) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға тапсырыс береді.
2
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеген кезде Уәкілетті орган мынадай талаптарды: кәсіпорынның төлемге қабілеттілігін, жалақыны уақтылы төлеуін, жұмыс орнының қауіпсіздік техникасы нормаларына сәйкестігін, кәсіпорында Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің нормаларының сақталуын, жұмыссызға Уәкілетті органмен жасалған шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыс беру мүмкіндігі ескереді.
Жұмыс беруші іріктеуге қатысу үшін құрылтайшы құжаттарын немесе жеке кәсіпкердің куәлігін ұсынады.
3
3. Жұмыс беруші Уәкілетті органмен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға шарт жасайды. Шартта тараптардың міндеттерін, жұмыстың түрін, көлемін, еңбекақы мөлшері мен шарттарын, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімі мен көздерін, жолданатын жұмыссыздар санын көрсетеді. Шарт алты айдан аспайтын мерзімде әрекет етеді. Жұмыс уақытша сипат алады және де оны ұйымдастыру үшін тұрақты және бос жұмыс орындарын пайдалану мүмкін емес.