Құжат мәтініне өту

Нысаналы топтардың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 29 · қабылданған 22.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.09.2016 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-51633/?version=51633_117881.kaz
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Нысаналы топтардың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 29 ·22.02.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Нысаналы топтардың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

ҚАЗНысаналы топтардың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 29 · қабылданған 22.02.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Нысаналы топтардың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
Нысаналы топтардың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
29
Қабылданған күні
22.02.2010
Көрсетілген редакция
30.09.2016 · қолданыстағы 51633_117881.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
30.09.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10DM000111
ЭКБ идентификаторы
51633
Редакция идентификаторы
51633_117881
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:58

0 Нысаналы топтардың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабының 4-тармағына сәйкес, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1 1. Нысаналы топтардың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын барлық меншік нысанындағы жұмыс берушілерді іріктеудің тәртібі қосымшаға сәйкес анықталсын.

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындары халықтың нысаналы топтары үшін ұйымдастырылады.

3 3. "Кербұлақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі нысаналы топтардың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады.

4 4. "Кербұлақ аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген нысаналы топтардың жұмыссыздарының еңбекақысын аудандық бюджетте көзделген қаражаттан нысаналы трансферттерден қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулы ол алғаш жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Болысбай Тоғысбайұлы Момбаевқа жүктелсін.

7 Кербұлақ аудандық

әкімдігінің 2010 жылғы
22 ақпанындағы
N 29 қаулысына қосымша
Нысаналы топтардың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін
әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс
берушілерді іріктеу
ережесі

1 1. Жұмыс беруші "Кербұлақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі-Уәкілетті орган) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға тапсырыс береді.

2

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеген кезде Уәкілетті орган мынадай талаптарды: кәсіпорынның төлемге қабілеттілігін, жалақыны уақтылы төлеуін, жұмыс орнының қауіпсіздік техникасы нормаларына сәйкестігін, кәсіпорында Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің нормаларының сақталуын, жұмыссызға Уәкілетті органмен жасалған шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыс беру мүмкіндігі ескереді.
Жұмыс беруші іріктеуге қатысу үшін құрылтайшы құжаттарын немесе жеке кәсіпкердің куәлігін ұсынады.

3

3. Жұмыс беруші Уәкілетті органмен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға шарт жасайды. Шартта тараптардың міндеттерін, жұмыстың түрін, көлемін, еңбекақы мөлшері мен шарттарын, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімі мен көздерін, жолданатын жұмыссыздар санын көрсетеді. Шарт алты айдан аспайтын мерзімде әрекет етеді. Жұмыс уақытша сипат алады және де оны ұйымдастыру үшін тұрақты және бос жұмыс орындарын пайдалану мүмкін емес.

4 4. Уәкілетті орган халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін жолдама береді.

5 5. Жұмыс беруші жолданған жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдайды, онымен қауіпсіздік техникасы нормаларына сәйкес еңбек шартын жасайды, жұмыс орнын береді және Уәкілетті органға белгіленген тәртіпте: бұйрықтың үзіндісін ұсынады.

6 6. Жұмыс берушілер еңбекақы төлемі бойынша шығыстардың орнын толтыру үшін Уәкілетті органға белгіленген тәртіпте 5-і күніне ай сайын: жұмыс уақытын есепке алу табелін, әлеуметтік жұмыс орны жөнінде есепті, жалақыны төлеу ведомості мен орындалған жұмыстың актісін ұсынады.

7 7. Нысаналы топтардың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеудің осы ережесінің орындалуын бақылау Уәкілетті органға жүктеледі.