Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Министерства культуры Республики Казахстан

Қаулы · № 252 · қабылданған 31.03.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-51641/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О некоторых вопросах Министерства культуры Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 252 ·31.03.2010
31.12.2015 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах Министерства культуры Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 252 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Министерства культуры Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
252
Қабылданған күні
31.03.2010
Көрсетілген редакция
31.12.2015 AI51641_20.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000252_
ЭКБ идентификаторы
51641
Редакция идентификаторы
AI51641_20
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:39

0 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті;

2 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Діни істер комитеті болып қайта аталсын.

2 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің қарамағына берілсін.

3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

8 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің қарамағына берілетін ұйымдардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 31 наурыздағы
№ 252 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің қарамағына берілетін ұйымдардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» мемлекеттік мекемесі.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» мемлекеттік мекемесі.

9 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 31 наурыздағы
№ 252 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

3 3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті».

4 4. «Қазакстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың екінші абзацында «, Діни істер комитеті» деген сөздер алынып тасталсын;
14-тармақта сексен бесінші, сексен алтыншы, сексен жетінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы, тоқсан екінші, тоқсан үшінші, тоқсан төртінші, тоқсан бесінші, тоқсан алтыншы, тоқсан жетінші, тоқсан сегізінші және бір жүзінші абзацтар алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірлері 7 және 37-жолдар алынып тасталсын.

5 5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.

6 6. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 6, 53-құжат):

тақырыбындағы және 1-тармағындағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
тақырыбындағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын.

7 7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.02.07 № 209 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

8 8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 195 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

9 9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

10 10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.12.2012 № 1641 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

11 11. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

12 12. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 610 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 31, 316-құжат):

тақырыбындағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақтағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағына берілетін ұйымдардың тізбесінде:
тақырыбындағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
«Театрлар» бөлімінің реттік нөмірі 7-жолында «Республикалық» деген сөз «Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Тарихи-мәдени қорықтар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 30-2-жолмен толықтырылсын:
«30-2. «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны».

13 13. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қолданыстағы