Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы годовой программы закупа товаров, работ и услуг и форм отчета недропользователей о приобретенных товарах, работах и услугах и об исполнении обязательств по казахстанскому содержанию в кадрах

Бұйрық · № 75 · қабылданған 10.03.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-51652/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении формы годовой программы закупа товаров, работ и услуг и форм отчета недропользователей о приобретенных товарах, работах и услугах и об исполнении обязательств по казахстанскому содержанию в кадрах Күшін жойған Бұйрық ·№ 75 ·10.03.2010
10.01.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.01.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы годовой программы закупа товаров, работ и услуг и форм отчета недропользователей о приобретенных товарах, работах и услугах и об исполнении обязательств по казахстанскому содержанию в кадрах

Күшін жойған Бұйрық ·№ 75 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы годовой программы закупа товаров, работ и услуг и форм отчета недропользователей о приобретенных товарах, работах и услугах и об исполнении обязательств по казахстанскому содержанию в кадрах
Атауы (қаз.)
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасының нысаны мен жер қойнауын пайдаланушылар сатып алған тауарлар, жұмыстар және қызметтердің және кадрларда қазақстандық қамту бойынша міндеттемелерді орындау есебінің нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
75
Қабылданған күні
10.03.2010
Көрсетілген редакция
10.01.2011 AI51652_2.kaz
Соңғы өзгеріс
10.01.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006145_
ЭКБ идентификаторы
51652
Редакция идентификаторы
AI51652_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:49

0 Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасының нысаны мен жер қойнауын пайдаланушылар сатып алған тауарлар, жұмыстар және қызметтердің және кадрларда қазақстандық қамту бойынша міндеттемелерді орындау есебінің нысанын бекіту туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтарындағы Заңының 8-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң), БҰЙЫРАМЫН: Z100291 қараңыз

1 1. Қоса берілген:

1 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес тауарлар, жұмыстар және қызметтердің жылдық бағдарламасының № 1 нысаны;

2 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар сатып алған тауарлар, жұмыстар және қызметтері туралы есебінің № 2 нысаны;

3 3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес кадрларда қазақстандық үлес бойынша міндеттемелерді орындау туралы есебінің № 3 нысаны бекітілсін.

2 2. Жер қойнауын пайдаланушылар:

1

1) жыл сайын, 1 ақпаннан кешіктірмей құзыретті органға жылдық сатып алуды жүргізуге жоспарланған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын мемлекеттік және орыс тілдерінде осы бұйрықтағы № 1 нысанға сәйкес электрондық және қағаз тасымалдауышта Excel форматында ұсынсын;

2 2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың он бесінші күніне дейін құзыретті органға сатып алған тауарлар, жұмыстар және қызметтер туралы есепті мемлекеттік және орыс тілдерінде осы бұйрықтағы № 2 нысанға сәйкес электрондық және қағаз тасымалдауышта

Excel форматында ұсынсын;

3 3) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың он бесінші күніне дейін құзыретті органға кадрдағы қазақстандық үлес бойынша міндеттемелерді орындау туралы есепті мемлекеттік және орыс тілдерінде осы бұйрықтағы № 3 нысанға сәйкес электрондық және қағаз тасымалдауышта Excel форматында ұсынсын.

3

3. Жер қойнауын пайдаланудағы тікелей инвестициялар департаментіне (Р.А. Алдашев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз ету тапсырылады.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы Қ.Б. Сафиновке жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң күшіне енеді.

1 20___жылға арналған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасы

Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрі
міндетін атқарушысының
2010 жылғы 10 наурыздағы
№ 75 бұйрығына
1-қосымша
№ 1 нысан
20___жылға арналған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасы
Ақпаратты ұсынуға жауапты жер қойнауын пайдаланушының атауы, ЖСН, БСН, СТН-і:______________________________________________________
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гізу­ге ар­нал­ған ке­лі­сім­шар­тты мем­ле­кет­тік тір­кеу ак­ті­сі­нің тір­кеу нө­мі­рі
ӨСК бой­ын­ша ТЖҚ ко­ды
Са­тып алы­на­тын ТЖҚ-ның ата­уы және қы­сқа­ша (қо­сым­ша) си­патта­ма­сы
Өл­шеу бір­лі­гі­нің ко­ды
Жос­пар­лан­ған са­тып алу­лар­дың заттай кө­ле­мі
1
2
3
4
5
Та­у­ар­лар
Жұ­мыстар
Қыз­мет­тер
кестенің жалғасы
ҚҚС есеп­те­ме­ген­де жос­пар­лан­ған са­тып алу кө­ле­мі, мың тең­ге
Са­тып алу тә­сі­лі
Са­тып алу­ды өт­кі­зу же­рі
Са­тып алу­ды өт­кі­зу мер­зі­мі
Жұ­мыстар мен қыз­мет­тер­дің орын­да­луы, жаб­дық­тау мер­зі­мі
6
7
8
9
10
Жер қойнауын пайдаланушы
(жер қойнауын пайдаланушының
өзге уәкілетті тұлғасы)     _______________________________________
(Аты-жөні, қолы, мөр)
№ 1 нысанында әр тауар, жұмыс және қызмет бойынша ақпаратты жолма-жол, жеке толтыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1-баған – жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
2-баған – Өнімнің модельді статистикалық жіктеушісіне сәйкес 10 белгі деңгейінде тауардың, жұмыстың және қызметтің (ТЖҚ) коды көрсетіледі;
3-баған – сатып алынатын тауардың, жұмыстың немесе қызметтің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттары, қасиеттері және сипаттамасы) көрсетіледі;
4-баған – Өлшем бірліктері мен шоттардың мемлекетаралық жіктеушісіне сәйкес тауардың, жұмыс немесе қызмет бірлігінің коды көрсетіледі (баған тауарлар мен қызметтер бойынша толтырылмайды);
5-баған – тауардың жоспарланған саны (сатып алудың көлемі) көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес заттай мәнінде көрсетіледі (баған жұмыстар мен қызметтер бойынша толтырылмайды);
6-баған – сатып алудың жоспарланған көлемі ҚҚС есептемегенде құндық мәнінде көрсетіледі, мың теңге (бөлшек сан жүздік үлеспен);
7-баған – Сатып алу тәсілдерінің Жіктеушісіне сәйкес тауарды, жұмысты немесе қызметті сатып алу тәсілінің коды көрсетіледі (төменде көрсетілген). Егер көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің сатып алуы, мерзімдік күші бір қаржылық жылдан асатын бастапқыда сатып алуға жасалған келісімшарт бойынша жүзеге асырылса, онда 106 кодын таңдау керек;
8-баған – елді-мекен коды – жоспарланған сатып алуды өткізу орны Әкімшілік-аймақтық обьектілер жіктеушісіне сәйкес (ӘАОК) көрсетіледі;
9-баған – жоспарланған сатып алуды өткізу мерзімінің коды Мерзімдер жіктеушісіне сәйкес көрсетіледі (төменде көрсетілген);
10-баған – жоспарланған жабдықтау мерзімі Мерзімдер жіктеушісіне сәйкес көрсетіледі (төменде көрсетілген).
Нысандағы бағаналар форматын өзгертуге болмайды.
Сатып алу тәсілдері мен уақыт кезеңдерінің жіктеушілері
Жік­те­у­ші­лік ко­ды
Ата­уы
Жік­те­у­ші­лік ко­ды
Ата­уы
101
Ашық кон­курс әді­сі­мен са­тып алу
QAN1
1 тоқ­сан
102
Ба­ға­лық ұсы­ны­стар­ды сұ­рау әді­сі­мен са­тып алу
QAN2
2 тоқ­сан
QAN3
3 тоқ­сан
103
Бір көз­ден са­тып алу әді­сі
QAN4
4 тоқ­сан
104
Та­у­ар бир­жа­ла­ры ар­қы­лы са­тып алу
SAN1
1 жар­ты­жыл­дық (1-2 тоқ­сан)
105
Элек­трон­ды са­тып алу жүй­е­сі ар­қы­лы са­тып алу
SAN2
2 жар­ты­жыл­дық (3-4 тоқ­сан)
ANN09
жыл*
* жылды белгілеу кезінде ANN префиксі және жыл санының соңғы екі цифры қолданылады.

2 Қазақстан Республикасы

Энергетика және минералдық
ресурстар министрі
міндетін атқарушысының
2010 жылғы 10 наурыздағы
№ 75 бұйрығына
2-қосымша
№ 2 нысан

1 1. Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алған тауарлар, жұмыстар және қызметтері туралы есебі

Ақпаратты ұсынуға жауапты жер қойнауын пайдаланушының атауы, ЖСН, БСН, СТН-і: _____________________________________________________
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гізу­ге ар­нал­ған ке­лі­сім­шар­тты мем­ле­кет­тік тір­кеу ак­ті­сі­нің тір­кеу нө­мі­рі
Са­тып алу ко­ды
Са­тып алу тә­сі­лі
Са­тып алу қо­ры­тындыс­ын шы­ға­ру кү­ні (кк.аа.жж­жж.)
Шарт №
Шар­тқа қол қой­ы­л­ған күн (кк.аа.жж­жж.)
Шарт мер­зім­нің аяқ­та­лу кү­ні (кк.аа.жж­жж.)
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
Шар­ттың мәр­те­бе­сі
ҚҚС есеп­те­ме­ген­де шар­ттың жал­пы құ­ны (мың тең­ге)
ҚҚС есеп­те­ме­ген­де СЖЖ жос­пар­лан­ған со­ма­сы (мың тең­ге)
ҚҚС есеп­те­ме­ген­де шарт бой­ын­ша есеп­тік мер­зім­де нақ­ты тө­лен­ге­ні
ТЖҚ жет­кі­зу­ші­нің ұй­ым­да­сты­ру­шы-құқық­тық фор­ма­сы ко­ды
ТЖҚ жет­кі­зу­ші­нің елі
8
9
10
11
12
13
кестенің жалғасы
ТЖҚ жет­кі­зу­ші­нің ата­уы
Жет­кі­зу­ші­нің БСН-і (ЖСН-і)
Жет­кі­зу­ші­нің СТН-і
Жет­кі­зу­ші­нің тір­кел­ген ел­ді-ме­ке­ні­нің ко­ды
Жет­кі­зу­ші­нің тір­кел­ген ме­кен-жайы
Жет­кі­зу­ші­нің нақ­ты ор­на­лас­қан ел­ді-ме­ке­ні­нің ко­ды
14
15
16
17
18
19
кестенің жалғасы
Жет­кі­зу­ші­нің нақ­ты ор­на­лас­қан ме­кен-жайы
Жет­кі­зу­ші­нің элек­трон­дық ме­кен-жайы
Жет­кі­зу­ші­нің сай­ты
Жет­кі­зу­ші­нің бай­ла­ныс те­ле­фо­ны
Жет­кі­зу­ші қыз­мет­ші­ле­рі­нің са­ны
Жет­кі­зу­ші­нің қыз­мет­ші­ле­рі­нің жал­пы са­ны
ҚР аза­мат­та­ры са­на­ла­тын жет­кі­зу­ші­нің қыз­мет­ші­ле­рі­нің са­ны
20
21
22
23
24
25
Жер қойнауын пайдаланушы
(жер қойнауын пайдаланушының
өзге уәкілетті тұлғасы)     _____________________________________
(Аты-жөні, қолы, мөр)
№ 2 нысанның бірінші бөлімінде әр жасалған шарт туралы есепті мерзім үшін ақпаратты толтыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1-баған – жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
2-баған – Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуде қолданылатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер тізілімімен берілген сатып алу коды көрсетіледі. Осы бағанды:

1 1) жалпы таралған пайдалы қазбалар бойынша операцияны жер қойнауын пайдаланушылар жүзеге асырғанда;

2 2) мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жер қойнауын пайдаланушылар сатып алғанда;

3 3) ұлттық басқару холдингілеріне жанама немесе тікелей жататын елу және одан да көп акцияларына (жарғы капиталының қатысу үлесі) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғалар толтырмайды;

3-баған – сатып алу тәсілдерінің жіктеушісіне сәйкес тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу тәсілдерінің коды көрсетіледі (жоғарыда қара);
4-баған – сатып алу нәтижесінің қорытындысын шығару күні көрсетіледі (кк.аа.жжжж.);
5-баған – оның шеңберінде сатып алынған тауар немесе жұмыс (қызмет) сатып алу туралы шарттың № көрсетіледі;
6-баған – шарт жасалған күні көрсетіледі (кк.аа.жжжж.);
7-баған – шарт мерзімдік күшінің аяқталу күні көрсетіледі (кк.аа.жжжж.);
8-баған – шарт мәртебелерінің жіктеушісіне сәйкес шарт мәртебесінің коды көрсетіледі (төменде көрсетілген);
9-баған – ҚҚС есептемегенде шарттың жалпы құны, мың теңге (бөлшек сан, жүздік үлеспен) көрсетіледі;
10-баған – шарт шеңберінде, тауарды, жұмысты немесе қызметті сатып алудың жылдық бағдарламасында жоспарланған ҚҚС есептемегенде сатып алудың жалпы сомасы көрсетіледі, мың теңге;
11-баған – шарт бойынша есеп беру мерзіміне нақты төленген сома ҚҚС есептемегенде көрсетіледі, мың теңге;
12-баған – Шаруашылық етудің ұйымдастыру-құқықтық нысанының жіктеушісіне сәйкес, жеткізуші ұйымның шаруашылық етуінің ұйымдастыру-құқықтық нысанының коды көрсетіледі. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, баған толтырылмайды;
13-баған – Мемлекетаралық елдер жіктеушісіне сәйкес жеткізуші елінің жеткізушінің коды көрсетіледі. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болса, онда Қазақстан Республикасының коды көрсетіледі;
14-баған – жеткізушінің атауы көрсетіледі. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болса, оның атауы заңды тұлғаны тіркеу куәлігіне сәйкес (заңды тұлғалар үшін) және жеке кәсіпкерді тіркеу куәлігіне сәйкес (жеке тұлғалар үшін) көрсетіледі;
15-баған – жеткізушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, баған толтырылмайды;
16-баған – жеткізушінің салық төлеушісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, баған толтырылмайды;
17-баған – Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеушісіне сәйкес жеткізушінің тіркелген елді-мекенінің коды көрсетіледі. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, баған толтырылмайды;
18-баған – жеткізушінің тіркелген мекен-жайы: елді-мекені, көшесі, үйі, кеңсесі көрсетіледі;
19-баған – Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеушісіне сәйкес жеткізушінің нақты орналасқан елді-мекенінің коды көрсетіледі. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, баған толтырылмайды;
20-баған – жеткізушінің нақты орналасқан мекен-жайы: елді-мекені, көшесі, үйі, кеңсесі көрсетіледі;
21-баған – жеткізушінің электрондық мекен-жайы көрсетіледі;
22-баған – жеткізушінің web-сайты (бар болған жағдайда) көрсетіледі;
23-баған – жеткізушінің байланыс телефоны, факсы көрсетіледі;
24-баған – жеткізуші қызметкерлерінің жалпы саны көрсетіледі;
25-баған – жеткізуші қызметкерлерінің жалпы саны - Қазақстан Республикасының азаматтары көрсетіледі.
Нысандағы бағаналар форматын өзгертуге болмайды.
Шарттар мәртебелерінің жіктеушісі
Жік­те­у­ші­лік ко­ды
Ата­уы
0
Жа­сал­ған
1
Орын­дал­ған
2
Шар­тты бұ­зу

2 2. Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алған тауарлар, жұмыстар және қызметтері туралы есебі

Ақпаратты ұсынуға жауапты жер қойнауын пайдаланушының атауы, ЖСН, БСН, СТН-і:_____________________________________________________
Шарт №
Са­тып алу ко­ды
ӨСК бой­ын­ша ТЖҚ ко­ды
Са­тып алын­ған ТЖҚ-ның ата­уы және қы­сқа­ша (қо­сым­ша) си­патта­ма­сы
Өл­шеу бір­лі­гі­нің ко­ды
Са­тып алу­лар­дың заттай кө­ле­мі
ҚҚС есеп­те­ме­ген­де са­тып алу­лар­дың құн­дық кө­ле­мі, мың тең­ге
CT-KZ сер­ти­фи­ка­ты бе­рі­л­ген та­у­ар өн­ді­ру­ші­нің БСН/ЖСН
1
2
3
4
5
6
7
8
кестенің жалғасы
CT-KZ сер­ти­фи­ка­ты бе­рі­л­ген та­у­ар өн­ді­ру­ші­нің СТН-і
CT-KZ сер­ти­фи­ка­ты­ның №
CT-KZ сер­ти­фи­ка­ты­ның се­ри­я­сы
CT-KZ сер­ти­фи­ка­тын бе­ре­тін ор­ган­ның ко­ды
CT-KZ сер­ти­фи­ка­ты бер­лі­ген күн кк.аа.жж­жж.
CT-KZ сер­ти­фи­ка­тын­да көр­се­ті­л­ген та­у­ар­да­ғы қа­зақ­стан­дық қам­ту, %
Жұ­мыста (қыз­мет­те) қа­зақ­стан­дық қам­ту, %
9
10
11
12
13
14
15
Жер қойнауын пайдаланушы
(жер қойнауын пайдаланушының
өзге уәкілетті тұлғасы)     _______________________________________
(Аты-жөні, қолы, мөр)
№ 2 форманың екінші бөлімінде бір шарт шеңберінде жеке сатып алынған әр тауар, жұмыс және қызмет бойынша есеп беру мерзімі бойынша ақпаратты жолма-жол толтыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1-баған – оның шеңберінде сатып алынған тауар немесе жұмыс (қызмет) туралы шарттың № көрсетіледі;
2-баған – жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуде қолданылатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер тізілімімен берілген сатып алу коды көрсетіледі. Осы бағанды:

1 1) кең таралған пайдалы қазбалар бойынша операцияны жер қойнауын пайдаланушылар жүзеге асырғанда;

2 2) мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жер қойнауын пайдаланушылар сатып алғанда;

3 3) ұлттық басқару холдингілеріне жанама немесе тікелей жататын елу және одан да көп акцияларына (жарғы капиталының қатысу үлесі) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғалар толтырмайды;

3-баған – осы шарт шеңберінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер коды Өнімнің модельді статистикалық жіктеушісі бойынша 10 белгі деңгейінде көрсетіледі;
4-баған – сатып алынған тауардың немесе жұмыстың немесе қызметтің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (тауардың немесе жұмыстың (қызметтің) техникалық шарттары, қасиеттері және сипаттамасы) көрсетіледі;
5-баған – өлшем бірліктері мен шоттардың Мемлекетаралық жіктеушісіне сәйкес код көрсетіледі. Баған жұмыстар, қызметтер бойынша толтырылмайды;
6-баған – тауардың көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес тауардың заттай саны көрсетіледі. Баған жұмыстар, қызметтер бойынша толтырылмайды;
7-баған – ҚҚС есептемегенде сатып алудың құндық көлемі көрсетіледі, мың теңге;
8-баған – CT-KZ сертификаты берілген тауар өндірушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Бағанды қазақстанда шығарылған тауарлар үшін толтыру міндетті;
9-баған – CT-KZ сертификаты берілген тауар өндірушінің салық төлеушісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі. Бағанды қазақстанда шығарылған тауарлар үшін толтыру міндетті;
10-баған – Қазақстанда шығарылғандығын растайтын CT-KZ сертификатының № көрсетіледі. Бағанды Қазақстанда шығарылған тауарлар үшін толтыру міндетті;
11-баған – CT-KZ сертификатының сериясы көрсетіледі. Бағанды Қазақстанда шығарылған тауарлар үшін толтыру міндетті;
12-баған – CT-KZ сертификатын беретін органның коды көрсетіледі. Бағанды Қазақстанда шығарылған тауарлар үшін толтыру міндетті;
13-баған – CT-KZ сертификаты берліген күн көрсетіледі. Бағанды Қазақстанда шығарылған тауарлар үшін толтыру міндетті;
14-баған – CT-KZ сертификатында көрсетілген тауардағы қазақстандық үлес, % көрсетіледі. Бағанды Қазақстанда шығарылған тауарлар үшін толтыру міндетті;
15-баған – жұмыста (қызметте) қазақстандық үлес, % (жүздік үлеске дейін) көрсетіледі. Қазақстандық үлесті есептеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 20 наурыздағы № 367 қаулысы бекіткен қазақстандық ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуда қазақстандық қамтуды есептеудің Бірыңғай әдістемесіне сәйкес, қосалқы мердігерлікті, сондай-ақ, осы жұмысты (қызметті) орындау үшін сатып алынған барлық тауарларды есепке ала отырып жүргізіледі. .P100964
Нысандағы баған форматын өзгертуге болмайды.

3 Кадрларда қазақстандық қамту бойынша міндеттемелерді орындау туралы есебі

Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрі
міндетін атқарушысының
2010 жылдың 10 наурыздағы
№ 75 бұйрығына 3-қосымша
№ 3 нысан
Кадрларда қазақстандық қамту бойынша міндеттемелерді орындау туралы есебі
Ақпаратты ұсынуға жауапты жер қойнауын пайдаланушының атауы, ЖСН, БСН, СТН-і: ____________________________________________________
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гізу­ге ар­нал­ған ке­лі­сім-шар­тты мем­ле­кет­тік тір­кеу ак­ті­сі­нің тір­кеу нө­мі­рі
Ке­лі­сім-шарт шең­бе­рін­де жұ­мыл­ды­ры­л­ған қыз­мет­кер­лер­дің жал­пы са­ны
Ке­лі­сім-шарт шең­бе­рін­де жұ­мыл­ды­ры­л­ған қыз­мет­кер­лер­дің – ҚР аза­мат­та­ры­ның жал­пы са­ны
Ке­лі­сім-шарт шең­бе­рін­де жұ­мыл­ды­ры­л­ған қыз­мет­кер­лер­дің са­ны, бас­қа­ру­шы құ­рам – 1 ка­те­го­рия, оның ішін­де:
Ке­лі­сім-шарт шең­бе­рін­де жұ­мыл­ды­ры­л­ған қыз­мет­кер­лер­дің са­ны, жо­ға­ры және ор­та­ша кә­сі­би бі­лі­мі бар ма­ман­дар – 2 ка­те­го­рия, оның ішін­де:
Ке­лі­сім-шарт шең­бе­рін­де жұ­мыл­ды­ры­л­ған қыз­мет­кер­лер­дің са­ны, бі­лік­ті жұ­мыс­шы­лар – 3 ка­те­го­рия, оның ішін­де:
бар­лы­ғы
қыз­мет­кер­лер - ҚР аза­мат­та­ры­ның са­ны
бар­лы­ғы
қыз­мет­кер­лер - ҚР аза­мат­та­ры­ның са­ны
бар­лы­ғы
қыз­мет­кер­лер - ҚР аза­мат­та­ры­ның са­ны
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Жер қойнауын пайдаланушы
(жер қойнауын пайдаланушының
өзге уәкілетті тұлғасы)      _______________________________________
(Аты-жөні, қолы, мөр)
1-баған – жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
2-баған – жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге жұмылдырылған қызметкерлердің жалпы саны;
3-баған – жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге жұмылдырылған қызметкерлердің – ҚР азаматтарының жалпы саны;
4-баған – жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге жұмылдырылған басқарушы құрам қызметкерлерінің жалпы саны – 1 категория көрсетіледі;
5-баған – жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жұмылдырылған қызметкерлердің саны – 1 категория бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары көрсетіледі;
6-баған – жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге жұмылдырылған жоғары және орта-кәсіби білімі бар мамандардың жалпы саны – 2 категория бойынша көрсетіледі;
7-баған – жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге жұмылдырылған жоғары және орта кәсіби білімі бар мамандардың – 2 категория бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары көрсетіледі;
8-баған – жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге жұмылдырылған білікті жұмысшылардың жалпы саны – 3 категория бойынша көрсетіледі;
9-баған – жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге жұмылдырылған білікті жұмысшылардың саны – 3 категория бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары көрсетіледі.
Нысаналарда баған форматын өзгертуге болмайды.

Қолданыстағы