О проведении сельскохозяйственной переписи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении сельскохозяйственной переписи
- Атауы (қаз.)
- Ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 11.01.2000
- Көрсетілген редакция
- 11.01.2000 5167_242199.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.01.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00Z0000176
- ЭКБ идентификаторы
- 5167
- Редакция идентификаторы
- 5167_242199
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:42
0 Ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 22.01.2000 № 4 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы» 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 463 және «Санаққа жәрдемдесетін республикалық комиссия құру туралы» 1999 жылғы 9 шілдедегі № 952 қаулыларына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағы/бұдан әрі Саңақ/ аясында 2001 жылы Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы санағы өткізілсін.
2. Батыс Қазақстан облыстық статистика басқармасына Санаққа әзірлену, өткізу, нәтижесін өңдеу және жариялау жөніндегі жауапкершіліктер жүктелсін.
3. Санаққа жәрдемдесетін облыстық комиссия қосымшадағыға сәйкес құрылсын.
4. Аудандардың және Орал қаласының әкімдері Санаққа жәрдемдесетін осындай комиссиялар құрсын.
5. Облыстық қаржы басқармасы 2001-2002 жылдарға арналған облыстық бюджеттер жобасын қалыптастырған кезде Санаққа әзірлену және өткізу үшін қажетті қаржылар қарайтын болсын.
6. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.К. Алексеевке жүктелсін.
7 Санаққа жәрдемдесетін облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Облыс әкімінің 2000 жылғы 11.01
№ 4 шешіміне қосымша
Санаққа жәрдемдесетін облыстық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Т.С. Сапаров - облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы, төраға
А.Д. Хамзин - облыстық статистика басқармасының бастығы, төрағасының орынбасары
Ш.Ғ. Сартаева - облыстық статистика басқармасы бастығының орынбасары, хатшы
Комиссия мүшелері
А.С. Жабалбаева - облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары
Б.С. Имашев - Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық министрлігі Батыс-Қазақстан
аймақтық басқармасы төрағасының міндетің атқарушы
Ж.К. Колонбаева - «Орал мемлекеттік ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» қазыналық
кәсіпорынның директоры
Н.П. Мордасов - Батыс Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі
комитеттің төрағасы
В.П. Неелов - облыс әкімі орынбасарының кеңесшісі
Б.Т. Омаров - Батыс Қазақстан облысындағы «Жайық шаруасы» шаруалар қожалығы
облыстық ассоциациясының төрағасы (келісім бойынша)
М.Н. Оразғалиев - облыстық орман, балық және аң шаруашылығы басқармасының бастығы
Н.П. Широватов - облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің маркетинг және техникалық
саясат бөлімінің бастығы