Об утверждении Перечня документов, необходимых для получения разрешения на производство строительно-монтажных работ
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня документов, необходимых для получения разрешения на производство строительно-монтажных работ
- Атауы (қаз.)
- Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсатты алуға қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 92
- Қабылданған күні
- 09.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2012 AI51687_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006151_
- ЭКБ идентификаторы
- 51687
- Редакция идентификаторы
- AI51687_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:50
0 Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсатты алуға қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 11-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1071 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі туралы ереженің 13-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса берiлген Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсатты алуға қажеттi құжаттардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2 2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аттестаттау және аккредиттеу департаменті (Ғ.Р. Әбдірайымов) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және кейін бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
3
3. «Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсатты алуға қажеттi құжаттардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң міндетін атқарушының 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 170 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiркелiмiнде № 5206 болып тiркелген, 2008 жылғы 20 маусымдағы № 93 (1493) «Юридическая газета» газетінде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсiн.
5 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсатты алуға қажетті құжаттардың ТІЗБЕСІ
Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігі төрағасының
2010 жылғы 9 наурыздағы
№ 92 бұйрығымен бекітілген
Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсатты алуға қажетті құжаттардың ТІЗБЕСІ
1 1. Осы тізбенің қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;
2 2. Жер учаскесiн құрылысқа беру туралы аудандық (қалалық) жергілікті атқарушы органдардың шешiмiнің көшірмесі;
3 3. Жобалау-сметалық құжаттамаға сараптаманың оң қорытындысының көшірмесі (бір сатылы жобалау кезінде жұмыс жобасы бойынша не екі сатылы жобалау кезінде жоба бойынша);
4 4. Бас мердiгердiң құрылыс-монтаж жұмыстары түрлерiнiң тiзбесi бар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыруға құқығына мемлекеттiк лицензиясының көшірмесі.
0 ӨТІНІШ
Құрылыс-монтаж жұмыстарын
жүргiзуге арналған рұқсатты
алуға қажеттi құжаттардың
тiзбесiне қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторына
___________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
Тапсырыс берушi (құрылыс салушы) ____________________________
___________________________________________________________________
(жеке тұлға үшін тегi, аты, әкесiнiң аты, мекен-жайы және телефоны,
заңды тұлға үшін ұйымның атауы, мекен-жайы, телефоны)
ӨТІНІШ
___________________________________________________________________
(объектiнiң атауы, мекен-жайы)
___________________________________________________________________
Объектісі бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама құрамында
__________________________________ айға (айларға) бекітілген
құрылыстың нормативтік ұзақтық мерзіміне құрылыс-монтаж жұмыстарын
жүргізуге рұқсат беруді сұраймын.
Құрылыс 20_ жылғы «__» __________ басталды.
Пайдалануға беру мерзiмi 20_ жылы «__»_________
Мынаны хабарлаймын:
көрсетілген объектінің құрылысына жер учаскесiн беру туралы
(меншік немесе жерді пайдалану құқығындағы учаскені құрылысқа пайдалануға
рұқсат беру) 20__ «__» _____________ № _____ шешім берілген;
объектінің салуға жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ___
___________________________________________________________________
(жобалау ұйымның атауы, лицензия №, берілген күні, жобалаудың сатылығы)
___________________________________________________________ әзірледі.
Сонымен қатар, мынаны мәлімдеймін:
а а) жұмыстар мердігерлік әдіспен _____________________________
___________________________________________________________________
(құрылысты жүзеге асыратын ұйымның атауы, мекен-жайы, телефоны,жобалаудың сатылығы)
20__ «__»____________ №____ мердігерлік шарты негізінде жүргізіледі;
б б) сараптамалық сүйемелдеу режимінде (егер құрылысты кезең-кезеңмен
жүргізу қарастырылған болса) құрылыстың тиісті кезеңдеріне арналған
20___ «___»______________ №_____ шешім берілген;
в в) тапсырыс берушінің атынан жауапты тұлға ретінде __________
___________________________________________________________________
(оқу орнының атауы, бітірген жылы, мамандығы)
білімі бар ________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
20___ «___»______________ №_____ бұйрықпен тағайындалған;
г г) бас мердігердің атынан құрылыс үшін жауапты тұлға ретінде
___________________________________________________________________
(оқу орнының атауы, бітірген жылы, мамандығы)
білімі және құрылыста ________ жыл еңбек өтілі, «Сейсмикаға төзiмдi құрылыс»
(сейсмикалық аудандарда құрылыс жүргізілген жағдайда) курсы бойынша
___________________________________________________________
(куәлік нөмірі, кіммен берілген және ұзартылған)
___________________________________________ қолданыстағы куәлiгi бар
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
20___ «___»______________ №_____ бұйрықпен тағайындалған;
д д) авторлық қадағалау жүргізу 20___ «___» ___________________
№_____ шартқа сәйкес ______________________________________________
___________________________________________________________________
(ұйымның атауы, лицензия №, берілген күні)
__________________________________________________________ жүктеледі;
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
е Тапсырыс беруші(құрылыс Бас мердігер салушы)
е) техникалық қадағалауды 20__ «__» __________№ ____ бұйрықпен тағайындалған
_____________________________________________________
(оқу орнының атауы, бітірген жылы, мамандығы)
білімі және құрылыста ____ жыл еңбек өтілі бар ____________________
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
немесе 20__ «__»______________ №_____ шартқа сәйкес _______________
___________________________________________________________________
(ұйымның атауы, лицензия №, берілген күні)
____________________________________________________ жүзеге асырады.
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
Осы өтініште келтірілген мәліметтерге байланысты барлық өзгерістер туралы сәулет-құрылыс бақылау органдарына уақытылы хабарлауға міндеттенемін.
Тапсырыс беруші(құрылыс Бас мердігер салушы)
_________________________ _________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, (тегі, аты, әкесінің аты,
лауазымы, қолы) лауазымы, қолы)
М.О. М.О.