Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 194
- Қабылданған күні
- 26.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2012 · қолданыстағы AI51697_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10LD000117
- ЭКБ идентификаторы
- 51697
- Редакция идентификаторы
- AI51697_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:54
0 Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі" бекітілсін.
2
2. Аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 23 мамырдағы ХХХІІ сессиясының "Ауданда аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй және коммуналдық қызметтер үшін тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" N 265 (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 12 маусымда N 10-4-65 нөмірімен тіркелген, аймақтық "Тұран Қазалы" басылымының 2007 жылғы 4 шілдедегі N 53 санында жарияланған), аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы ІV сессиясының "Аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 23 мамырдағы ХХХІІ сессиясының "Ауданда аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй және коммуналдық қызметтер үшін тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" N 265 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 31 (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 8 қаңтарда N 10-4-74 нөмірімен тіркелген, аймақтық "Тұран Қазалы" басылымының 2008 жылғы 2 ақпандағы N 11 санында жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3 Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық Мәслихаттың кезектен
тыс ХХІV сессиясының төрағасы,
аудандық Мәслихат хатшысы Т. Бөріқұлақов
Аудандық Мәслихаттың
2010 жылғы 26 ақпандағы
N 194 шешімімен бекітілген
Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
Осы Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі (бұдан әрі-Тәртіп) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес әзірленді және ауданда аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілейді.
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
уәкілетті орган – "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
2 2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазалы ауданы елді мекендерінде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
3 3. Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
2 2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
4 4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
өтініш берушінің жеке басын куәландырылатын құжаттың көшірмесі;
тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
отбасының табысын растайтын құжаттар;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшысының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.