Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Министерства экономического развития и торговли Республики Казахстан

Қаулы · № 254 · қабылданған 31.03.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-51724/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О некоторых вопросах Министерства экономического развития и торговли Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 254 ·31.03.2010
24.09.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах Министерства экономического развития и торговли Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 254 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Министерства экономического развития и торговли Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
254
Қабылданған күні
31.03.2010
Көрсетілген редакция
24.09.2014 AI51724_4.kaz
Соңғы өзгеріс
24.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000254_
ЭКБ идентификаторы
51724
Редакция идентификаторы
AI51724_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:39

0 Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті болып қайта аталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне берсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне» деген бөлімде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 268-7-жолмен толықтырылсын:
«268-7 «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ»;

2 2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен;

3 3) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

4 4. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі осы қаулыны іске асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдасын.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 31 наурыздағы
№ 254 қаулысына
қосымша

Қолданыстағы