Об утверждении Правил благоустройства территорий, содержания, защиты зеленых насаждений в населенных пунктах Карасуского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил благоустройства территорий, содержания, защиты зеленых насаждений в населенных пунктах Карасуского района
- Атауы (қаз.)
- Қарасу ауданы елді мекендерінің аумағын көріктендіру, жасыл желектерді күту мен қорғау Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 217
- Қабылданған күні
- 23.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 09.02.2012 AI51739_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10NM000108
- ЭКБ идентификаторы
- 51739
- Редакция идентификаторы
- AI51739_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:57
0 Қарасу ауданы елді мекендерінің аумағын көріктендіру, жасыл желектерді күту мен қорғау Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3 бабы 2 тармағы, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 8) тармақшасына сәйкес, Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қоса ұсынылған Қарасу ауданы елді мекендерінің аумағын көріктендіру, жасыл желектерді күту мен қорғау Ережелері бекітілсін.
2 2. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің Қостанай
облысы бойынша департаменті
Қарасу ауданы бойынша мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________________ В. Кайзер
"Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі Қостанай
облысы Ішкі істер Департаменті
Қарасу ауданының ішкі істер
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
____________________ С. Нұртаев
3 Қарасу ауданы елді мекендерінің аумақты көріктендіру, жасыл желектерді күту мен қорғау Ережесі
Мәслихатының
2010 жылғы 23 ақпандағы
№ 217 шешімімен бекітілген
Қарасу ауданы елді мекендерінің аумақты
көріктендіру, жасыл желектерді күту мен
қорғау Ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Қарасу ауданының елді мекендер аумағын көркейту, жасыл желектерін күту және қорғаудың осы Ережелері (бұдан әрі – Ережелер) көркейту саласындағы қатынастарды, жасыл желектерді қорғау мен ұстауды реттейді және де меншік нысанына қарамастан, барлық заңды және жеке тұлғаларға таратылады.
2 2. Осы Ережелерде пайдаланылатын негізгі түсініктемелер:
көркейту – адамның тұрған ортасында қолайлықты, жайлылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, жұмыстар кешені. Берілген жұмыстар кешені аумақтарды жинауды ұйымдастыруды, объектілерді ұстауды, пайдалануды, жөндеу мен күзетуді ұйымдастыру және көркейту элементтерін қарастырады;
жасыл желектер – оларға арнайы бөлінген учаскелерде және алаптарда орналасқан: бақтар, парктер, бульварлар, скверлер, газондар, гүлбақтардағы ағаштар, бұталар, гүлдер, шөптік дақылдар.
3 3. Қарасу ауданының елді мекендер аумақтарын көркейту мақсатында барлық меншік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдарға, жеке тұлғаларға рұқсат берілмейді:
1 1) тротуарларға, жаяу жүретін жолдарға, балалар алаңдарына және жол жиегі тастарына автокөліктердің өтуіне және қоюға;
2 2) жайылымдардан тыс, көшелерге, скверлерге, бақтарға, орманбақтарға, стадиондарға, мектеп алдындағы учаскелерге және басқа қоғамдық орындарына мал және құстарды жайлауға;
3 3) белгіленбеген жерлерде қалдықтарды лақтыруға;
4 4) тиісті емес жерлерге қалдықтарды шығаруға, сондай-ақ, оларды ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге көмуге;
5 5) тұрғын үй құрылысы аудандарында, скверлерде, парктерде қоқыстарды және табиғи қалдықтарды өртеуге;
6 6) қоғамдық тұтыну орындарындағы(соның ішінде балалар және спорттық алаңдар элементтері) ғимараттардың тұтастығын бұзуға;
4 4. Қоғамдық жерлерде, тазартылуы олардың толу шамасы бойынша жүргізілетін, урналар орналастырылады.
Урналар тазалығының сақталуын, өздеріне белгіленген аумақты жинастыратын ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер қамтамасыз етеді.