Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
ҚАЗМүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Атауы (қаз.)
- Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 36
- Қабылданған күні
- 09.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 19.09.2017 · қолданыстағы 51767_251635.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 19.09.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10DM000112
- ЭКБ идентификаторы
- 51767
- Редакция идентификаторы
- 51767_251635
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:49
0 Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11, 16-баптарына сәйкес мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп оқытатын отбасыларға әлеуметтік қолдау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп оқытатын отбасыларына қосымша жәрдемақы тоқсанына сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленуі қамтамасыз етілсін.
2
2. Үйде тәрбиелеуге және оқытуға жәрдемақы туған, асырап алған,сонымен бірге қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алған мүгедек балалардың және 18 жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектердің ата-анасының біреуіне немесе оның орнындағы адамға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының үйде тәрбиелеу және оқыту қажеттігі туралы қорытындысының негізінде белгіленсін.
3 3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы А. Диханбаеваға үйде тәрбиелеуге және оқытуға жәрдемақыны төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар олардың таңдауы бойынша жәрдемақы алушылардың жеке есеп шоттарына қаржыны аудару жолымен жүзеге асырылады.
4 4. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы Г.Мұсахметоваға мүгедек балаларды үйден тәрбиелеп оқытатын отбасыларына жәрдемақы көрсету үшін дер кезінде қаражаттың бөлінуін қамтамасыз ету жүктелсін.
5
5. Кербұлақ аудандық әділет басқармасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылдың 27 ақпанында N 2-13-20 болып тіркелген (аудандық "Кербұлақ жұлдызы" басылымында 2006 жылдың 10 наурызындағы N 10 (3291) санында жарияланған), аудан әкімдігінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 31-ші қаулысының күші жойылды деп танылсын.