Құжат мәтініне өту

Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қаулы · № 36 · қабылданған 09.03.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-51767/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 36 ·09.03.2010
19.09.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 36 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Атауы (қаз.)
Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
36
Қабылданған күні
09.03.2010
Көрсетілген редакция
19.09.2017 · қолданыстағы 51767_251635.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10DM000112
ЭКБ идентификаторы
51767
Редакция идентификаторы
51767_251635
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:49

0 Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11, 16-баптарына сәйкес мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп оқытатын отбасыларға әлеуметтік қолдау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп оқытатын отбасыларына қосымша жәрдемақы тоқсанына сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленуі қамтамасыз етілсін.

2

2. Үйде тәрбиелеуге және оқытуға жәрдемақы туған, асырап алған,сонымен бірге қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алған мүгедек балалардың және 18 жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектердің ата-анасының біреуіне немесе оның орнындағы адамға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының үйде тәрбиелеу және оқыту қажеттігі туралы қорытындысының негізінде белгіленсін.

3 3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы А. Диханбаеваға үйде тәрбиелеуге және оқытуға жәрдемақыны төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар олардың таңдауы бойынша жәрдемақы алушылардың жеке есеп шоттарына қаржыны аудару жолымен жүзеге асырылады.

4 4. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы Г.Мұсахметоваға мүгедек балаларды үйден тәрбиелеп оқытатын отбасыларына жәрдемақы көрсету үшін дер кезінде қаражаттың бөлінуін қамтамасыз ету жүктелсін.

5

5. Кербұлақ аудандық әділет басқармасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылдың 27 ақпанында N 2-13-20 болып тіркелген (аудандық "Кербұлақ жұлдызы" басылымында 2006 жылдың 10 наурызындағы N 10 (3291) санында жарияланған), аудан әкімдігінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 31-ші қаулысының күші жойылды деп танылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Момбаевқа жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғаш ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

Қолданыстағы