Құжат мәтініне өту

Талғар ауданында мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы

Қаулы · № 04-328 · қабылданған 01.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 26.08.2014 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-51773/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Талғар ауданында мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 04-328 ·01.04.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Талғар ауданында мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы

ҚАЗТалғар ауданында мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 04-328 · қабылданған 01.04.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Талғар ауданында мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы
Атауы (қаз.)
Талғар ауданында мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
04-328
Қабылданған күні
01.04.2010
Көрсетілген редакция
26.08.2014 · қолданыстағы 51773_194614.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
26.08.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10DR000100
ЭКБ идентификаторы
51773
Редакция идентификаторы
51773_194614
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:38

0 Талғар ауданында мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1-тармағының 14- тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16 бабына сәйкес Талғар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1.

«Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына көрсетілетін қосымша әлеуметтік көмек әр мүгедек балаға әр тоқсанға 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болуы қамтамасыз етілсін.

2 2.

Әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған және қамқорлыққа алынған 18-ге толмаған мүгедек балаларға (толық мемлекеттік қамсыздандырудағы мүгедек балалардан және ата-ана құқығынан айырылған ата-анасы мүгедек балаларынан басқа) ата-анасы біреуіне немесе олардың орнындағы адамға отбасының табысына қарамастан облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясы берген анықтамада көрсетілгендей, мүгедек баланы үйде тәрбиелеу мен оқытудың қажеттілігі танылған сәттен бастап, бір жылға тағайындалсын.

3 3.

«Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Чапай Кәкімұлы Тазабеков)
Мүгедек балаларға әлеуметтік көмекті ата-анасының өтініші бойынша олардың біреуіне немесе олардың орнындағы адамға, әлеуметтік көмекті төлеу орталығында ашылған шотының нөмірін (екінші деңгейдегі банк филиалдары) және келесі құжаттар ұсынылған жағдайда көрсетілуін қамтамасыз етсін:
өтініш берушінің жеке басының куәлігі, оның ішінде оралмандар үшін тұрып қайту рұқсаты немесе оралман куәлігі:
мүгедек баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі:
дәрігерлік-әлеуметтік сараптау комиссиясының куәландырылған (белгіленген үлгідегі) анықтамасы:
отбасының құрамын растайтын тұрғылықты жерінің құжаты:
облыстық білім департаменті жанындағы ведомоствоаралық психологиялық-педагогикалық комиссиясының мүгедек баланың үйде тәрбиелеудің немесе оқытудың қажеттілігі туралы қорытындысы.

4 4.

«Талғар аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Раиса Стамшалқызы Алмабекова) мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмекті қаржыландыруды аудан бюджетінде қарастырылғандай қаржы шегінде бөліну мәселесін шешсін.

5 5.

Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылдың 02 шілдедегі 2-18-39 нөмірімен тіркелген, 2007 жылдың 27 шілдедегі № 28 (3744) «Талғар» газетінде жарияланған, Талғар ауданы әкімдігінің 2007 жылдың 01 маусымдағы № 06-948 «Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.

6 6.

Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Садықова Райхан Нұрмырзақызына жүктелсін.

7 7.

Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.