Талғар ауданында мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Талғар ауданында мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Талғар ауданында мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 04-328
- Қабылданған күні
- 01.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 26.08.2014 · қолданыстағы 51773_194614.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.08.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10DR000100
- ЭКБ идентификаторы
- 51773
- Редакция идентификаторы
- 51773_194614
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:38
0 Талғар ауданында мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1-тармағының 14- тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16 бабына сәйкес Талғар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1.
«Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына көрсетілетін қосымша әлеуметтік көмек әр мүгедек балаға әр тоқсанға 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болуы қамтамасыз етілсін.
2 2.
Әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған және қамқорлыққа алынған 18-ге толмаған мүгедек балаларға (толық мемлекеттік қамсыздандырудағы мүгедек балалардан және ата-ана құқығынан айырылған ата-анасы мүгедек балаларынан басқа) ата-анасы біреуіне немесе олардың орнындағы адамға отбасының табысына қарамастан облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясы берген анықтамада көрсетілгендей, мүгедек баланы үйде тәрбиелеу мен оқытудың қажеттілігі танылған сәттен бастап, бір жылға тағайындалсын.
3 3.
«Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Чапай Кәкімұлы Тазабеков)
Мүгедек балаларға әлеуметтік көмекті ата-анасының өтініші бойынша олардың біреуіне немесе олардың орнындағы адамға, әлеуметтік көмекті төлеу орталығында ашылған шотының нөмірін (екінші деңгейдегі банк филиалдары) және келесі құжаттар ұсынылған жағдайда көрсетілуін қамтамасыз етсін:
өтініш берушінің жеке басының куәлігі, оның ішінде оралмандар үшін тұрып қайту рұқсаты немесе оралман куәлігі:
мүгедек баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі:
дәрігерлік-әлеуметтік сараптау комиссиясының куәландырылған (белгіленген үлгідегі) анықтамасы:
отбасының құрамын растайтын тұрғылықты жерінің құжаты:
облыстық білім департаменті жанындағы ведомоствоаралық психологиялық-педагогикалық комиссиясының мүгедек баланың үйде тәрбиелеудің немесе оқытудың қажеттілігі туралы қорытындысы.
4 4.
«Талғар аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Раиса Стамшалқызы Алмабекова) мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмекті қаржыландыруды аудан бюджетінде қарастырылғандай қаржы шегінде бөліну мәселесін шешсін.
5 5.
Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылдың 02 шілдедегі 2-18-39 нөмірімен тіркелген, 2007 жылдың 27 шілдедегі № 28 (3744) «Талғар» газетінде жарияланған, Талғар ауданы әкімдігінің 2007 жылдың 01 маусымдағы № 06-948 «Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6 6.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Садықова Райхан Нұрмырзақызына жүктелсін.
7 7.
Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.