Құжат мәтініне өту

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы

Қаулы · № 93 · қабылданған 29.03.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.01.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-51776/?version=51776_185662.kaz
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 93 ·29.03.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы

ҚАЗМемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 93 · қабылданған 29.03.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
93
Қабылданған күні
29.03.2010
Көрсетілген редакция
14.01.2011 · қолданыстағы 51776_185662.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
14.01.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10DI000102
ЭКБ идентификаторы
51776
Редакция идентификаторы
51776_185662
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:42

0 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабындағы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына, жеке шаруашылығына мал сатып алуына, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке- меншік іс ашу үшін, оның ішінде кәсіптік оқудан өткендерге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек есебінен 200 мың.теңге қаржы бөлуді қамтамасыз ету.

2

2. "Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М. Тілеуберген), мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы, аудандық комиссиясына әлеуметтік көмекті алу мақсаты, алынған қаржының қалай жұмсалатынын өтініште көрсетіп келесі құжаттарды ұсынған кезде әлеуметтік көмек тағайындап, төлеуін қамтамасыз етеді:
- егін егу үшін, тұқым сатып алуға, жер учаскесінің бар екендігі туралы анықтама немесе жерді жалға алу туралы шарттың көшірмесі;
- халықтық кәсіпті дамытуға, жеке меншік іс ашуға негізделген есеп (бизнес жоспар). Кәсіби білімі барлар жұмыссыздарға мамандық беру туралы куәліктің көшірмесі және үлгерім деңгейі мен бизнес жоспардың табыстылық бағасы көрсетілген оқу орнының ұсынысы (қосымша ретінде);
- "Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, аудандық комиссия және әлеуметтік көмек алушы арасындағы үш жақты келісім шарт.

3 3. "Ескелді аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Г. Бейсеқұлова) аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуді қаржыландырудың дер кезінде бөлінуін қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жүргізу аудан әкімінің бірінші орынбасары Қ. Әлібаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.