Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи разрешения на применение новых видов орудий и способов рыболовства (в порядке экспериментального лова), не включенных в перечень разрешенных к применению промысловых и непромысловых видов орудий и способов рыболовства

Бұйрық · № 163 · қабылданған 11.03.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-51819/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи разрешения на применение новых видов орудий и способов рыболовства (в порядке экспериментального лова), не включенных в перечень разрешенных к применению промысловых и непромысловых видов орудий и способов рыболовства Күшін жойған Бұйрық ·№ 163 ·11.03.2010
17.09.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.09.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи разрешения на применение новых видов орудий и способов рыболовства (в порядке экспериментального лова), не включенных в перечень разрешенных к применению промысловых и непромысловых видов орудий и способов рыболовства

Күшін жойған Бұйрық ·№ 163 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи разрешения на применение новых видов орудий и способов рыболовства (в порядке экспериментального лова), не включенных в перечень разрешенных к применению промысловых и непромысловых видов орудий и способов рыболовства
Атауы (қаз.)
Балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
163
Қабылданған күні
11.03.2010
Көрсетілген редакция
17.09.2012 AI51819_2.kaz
Соңғы өзгеріс
17.09.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006161_
ЭКБ идентификаторы
51819
Редакция идентификаторы
AI51819_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:48

0 Балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсаттар беру ережелері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсаттар беру ережелері

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 11 наурыздағы
№ 163 бұйрығымен бекітілген
Балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсаттар беру ережелері

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсаттар беру осы ережелері (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 11 тармақшасына сәйкес әзірленді және балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсаттар беру (бұдан әрі – рұқсат) мәселелерін реттейді.

2 2. Рұқсатты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – Инспекция) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысанда эксперименттік аулауды жүргізу орны бойынша береді.

2 2. Рұқсат беру шарттары мен тәртібі

3 3. Рұқсатты алуға мүдделі тұлға Инспекцияға өтінімді мемлекеттік немесе орыс тілдерінде осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдайды.

4 4. Өтінімде мыналар көрсетіледі:

1 1) өтінім беруші туралы мәлімет (заңды тұлғалар үшін – реквизиттер, жеке тұлғалар үшін – жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың мәліметтері);

2 2) балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен (немесе) тәсілдерінің атауы;

3 3) балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен (немесе) тәсілдерінің сипаттамасы;

4 4) мекендейтін ортасынан алу үшін жоспарланған балық және басқа да су жануарларының тізбесі мен саны;

5 5) эксперименттік аулауды жүргізу мерзімдері;

6 6) эксперименттік аулауды жүргізудің ұйғарылған балық шаруашылығы су айдыны (учаскесі).

5 5. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

1 1) Тиісті мемлекеттік органмен берілген заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған жарғысының көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы нотариалды куәландырылған құжаттарының көшірмесі;

2 2) жеке тұлғалар үшін - жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың нотариалды көшірмесі;

3 3) эксперименттік аулауды жүргізу барысында жануарлар әлемінің объектісін алуға қатысатын тұлғалардың тізімі;

4 4) балық аулау құралының жаңа түрін және тәсілін әзірлеу мен қолдануға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме;

5 5) инновациялық технологиялар, жаңалық ашу, пайдалы қалыптар және басқа да өнеркәсіптік үлгілер саласындағы ғылыми немесе өзге де құзыретті органдардың сараптау қорытындысы.

6 6. Инспекция өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды он жұмыс күннің ішінде қарап, содан кейін өтінім берушіге рұқсат беруді немесе рұқсат бермегені жөніндегі негізделген жауап жолдайды.

7 7. Рұқсаттар беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

1 1) өтінімде көрсетілген мәліметтерді толық емес көлемде ұсыну;

2 2) өтінімде көрсетілген мәліметтерді анық еместігі.

8 8. Рұқсатта мыналар көрсетіледі:

1 1) рұқсат беруші Инспекцияның атауы;

2 2) заңды тұлғаның атауы және оның жауапты тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты немесе рұқсат берілген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;

3 3) балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен (немесе) тәсілдерінің атауы;

4 4) балық және басқа да су жануарларының түрлік құрамы, олардың алуға рұқсат берілген саны (биомасса);

5 5) алу мерзімдері;

6 6) ұйғарылған алудың балық шаруашылығы су айдыны (учаскесі);

7 7) қолданылатын жүзу құралдары;

8 8) жануарлар әлемінің объектілерін алуға қатысатын тұлғалардың саны.

9

9. Инспекция рұқсат беруді арнайы «Балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлерімен тәсілдерін (эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсаттар беру есебі» журналында осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркейді.

10 10. Рұқсаттың қолданылу мерзімі 1 жылдан аспайды.

11 11. Рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған соң, бір ай мерзімінде оны пайдаланудың нәтижелері туралы есеп уәкілетті органға ұсынылады.

1 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті

Қоса берілген балық аулаудың
кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк
емес құралдарының түрлері мен
тәсілдерін қолдануға рұқсат
етілген тізбеге енгізілмеген
балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін
(эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсаттар беру Ережесіне 1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті
________________________________________________
(аумақтық бөлімше)
Балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсат
№_______
_________________________________________________________ Берілді
(заңды тұлғаның атауы және жауапты тұлғаның Т.А.Ә, жеке тұлғаның Т.А.Ә)
_________________________________________________________________
Аулау құралының немесе аулау тәсілінің атауы ____________________
_________________________________________________________________
Алудың балық шаруашылығы су айдыны (учаскесі) ___________________
(су айдынының (учаскесінің) атауы)
_________________________________________________________________
Алуға рұқсат берілген балық және басқа да су жануарларының түрлері
_________________________________________________________________
Алу мерзімі _________________ бастап ____________________дейін
(рұқсаттың қолданылу мерзімі)
Алудың тәсілдері (аулау, жинау)__________________________________
(түр, мөлшері, саны)
Ұйғарылған алу учаскесінің ауданы
(аумағы) мен шекарасы ___________________________________________
Қолданылатын жүзу құралдары _____________________________________
Жануарлар әлемінің объектісін алуға қатысатын тұлғалардың саны __
_________________________________________________________________
Берілген күні 20__ жылғы «___» ________
М.О. Қолы ______________________
(лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)

2 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті

Қоса берілген балық аулаудың
кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк
емес құралдарының түрлері мен
тәсілдерін қолдануға рұқсат
етілген тізбеге енгізілмеген
балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін
(эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсаттар беру Ережесіне 2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті
_________________________________________________
(аумақтық бөлімше)
Балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға рұқсаттар алуға арналған өтінім
Кімнен ___________________________________________________________
(өтінім беруші туралы мәлімет (заңды тұлғалар үшін реквизиттер,
жеке тұлғалар үшін төлқұжат мәліметтері)
__________________________________________________________________
Балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен (немесе) тәсілдерінің атауы
__________________________________________________________________
(аулау құралының саны)
Мекендейтін ортасынан алу үшін жоспарланған балық және басқа да
су жануарларының тізбесі мен саны:
№ р/с
Ба­лық және бас­қа су жа­ну­ар­ла­ры­ның тү­рі
Са­ны (тон­на)
Эксперименттік аулауды жүргізу мерзімі ______ бастап _____ дейін
Эксперименттік аулау жүргізілетін ұйғарылған алудың балық шаруашылығы
су айдыны (учаскесі)____________________________________________
____________________________________________________________
Алу тәсілі _____________________________________________________
(аулау, жинау)
М.О. Қолы ______________________________________________________
(Өтінім берушінің, лауазымды тұлғаның, заңды тұлғаның Т.А.Ә.)
200__ жылдың «___» _________________
_________________________ Өтінім тіркелді
(күні, қолы)

3 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті

Қоса берілген балық аулаудың
кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк
емес құралдарының түрлері мен
тәсілдерін қолдануға рұқсат
етілген тізбеге енгізілмеген
балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін
(эксперименттік аулау әртібімен)
қолдануға арналған рұқсаттар
беру Ережесіне 3-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті
_________________________________________________
(аумақтық бөлімше)
Балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсаттар беруді есепке алу журналы
Рұқ­сат­тың р/с №
Рұқ­сат­тың бе­рі­л­ген кү­ні
Пай­да­ла­ну тү­рі
Алып қою мақ­са­ты
Алып қо­ю­ға рұқ­сат бе­рі­л­ген ба­лық және бас­қа да су жа­ну­ар­ла­ры­ның тү­рі неме­се олар­дың тір­ші­лік ету өнім­де­рі
Алып қо­ю­ға еті­л­ген са­ны (био­мас­са­сы) (тн неме­се кг, ит ба­лық ба­сы - цифр­мен және жа­з­ба­ша)
Жы­ныс – жас құ­ра­мы (қа­жет жағ­дай­да)
Алып қою мер­зі­мі
1
2
3
4
5
6
7
8
кестенің жалғасы
Алып қою тә­сіл­де­рі (аулау, ату, жи­нау және та­ғы бас­қа)
Бо­лжам­ды алып қою учас­ке­сі­нің ауда­ны (ау­ма­ғы) мен ше­ка­ра­сы
Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін неме­се олар­дың тір­ші­лік ету өнім­де­рін алып қою тә­сіл­де­рі мен қа­ру­ла­ры, қол­да­ны­ла­тын жү­зу құ­рал­да­ры
Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін объ­ек­ті­ле­рін алып қо­ю­ға қа­ты­су­шы адам­дар­дың са­ны
Рұқ­сат­ты бер­ген тұл­ға­ның ла­у­а­зы­мы, аты-жө­ні
Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы, же­ке тұл­ға­ның және/неме­се жа­у­ап­ты заң­ды тұл­ға­ның аты-жө­ні
Алушы­ның қо­лы
9
10
11
12
13
14
15
Журналдың беттері нөмірленеді, тігіледі және Инспекцияның мөрімен бекітіледі

Қолданыстағы