Қолданыстағы ред. 11.03.2010

Тасарал селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы от 11.03.2010 г. № 1 (Тасарал селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы)

0

Тасарал селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық – географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысына, Тасарал селолық округі тұрғындарының 2008 жылғы 04 маусымындағы N 3, 4, 5, 6 жиналыс хаттамаларына және Ақтоғай ауданының әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2008 жылғы 26 маусымдағы N 188/1-9 ұйғарымына сәйкес Тасарал селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Молодежная көшесі - Жастар көшесі деп;
Центральная көшесі – Орталық көшесі деп;
Набережная көшесі – Жағалау көшесі деп;
Школьная көшесі – Ағыбай батыр көшесі деп қайта аталсын.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3

3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.