Тасарал селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тасарал селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық – географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысына, Тасарал селолық округі тұрғындарының 2008 жылғы 04 маусымындағы N 3, 4, 5, 6 жиналыс хаттамаларына және Ақтоғай ауданының әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2008 жылғы 26 маусымдағы N 188/1-9 ұйғарымына сәйкес Тасарал селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Молодежная көшесі - Жастар көшесі деп; Центральная көшесі – Орталық көшесі деп; Набережная көшесі – Жағалау көшесі деп; Школьная көшесі – Ағыбай батыр көшесі деп қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.