Қолданыстағы ред. 18.03.2010

Манкент ауыл округіне қарасты Манкент және Аққала ауылдарының шегін өзгерту туралы от 18.03.2010 г. № 29-281/IV (Манкент ауыл округіне қарасты Манкент және Аққала ауылдарының шегін өзгерту туралы)

0

Манкент ауыл округіне қарасты Манкент және Аққала ауылдарының шегін өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108–бабының 5-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1

1. Манкент ауыл округі аумағынан жалпы көлемі 202,05 гектар жер телімі алынып, оның ішінде 173,37 гектар жер телімі Манкент ауылының, 28,68 гектар жер телімі Аққала ауылының шегіне енгізілсін.

2

2. Жалпы көлемі 202,05 гектар жер телімі қосылып, Манкент және Аққала ауылдарының шегі өзгертілсін.

3

3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.