Манкент ауыл округіне қарасты Манкент және Аққала ауылдарының шегін өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Манкент ауыл округіне қарасты Манкент және Аққала ауылдарының шегін өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108–бабының 5-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Манкент ауыл округі аумағынан жалпы көлемі 202,05 гектар жер телімі алынып, оның ішінде 173,37 гектар жер телімі Манкент ауылының, 28,68 гектар жер телімі Аққала ауылының шегіне енгізілсін.
Тармақ 2
2. Жалпы көлемі 202,05 гектар жер телімі қосылып, Манкент және Аққала ауылдарының шегі өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.