Об утверждении Правил ведения Государственного реестра селекционных достижений, рекомендуемых к использованию в Республике Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил ведения Государственного реестра селекционных достижений, рекомендуемых к использованию в Республике Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 118
- Қабылданған күні
- 25.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 25.09.2025 51907_783506.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006153_
- ЭКБ идентификаторы
- 51907
- Редакция идентификаторы
- 51907_783506
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:55
0 Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 7-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2 2. Егiншiлiкті дамыту және фитосанитариялық қауiпсiздiк департаментi осы бұйрықтың заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрдің м.а.
2010 жылғы 25 ақпандағы № 118
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидалары
1
1. Осы Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, 1-тармағының 7-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Cелекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1
1) Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттық сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) – өсiмдiктер сұрыптарының патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығына сараптама жасауды және оны сынақтан өткізуді жүзеге асыратын агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның қарауындағы ұйым;
2 2) Селекциялық жетiстiктердiң пайдалануға ұсынылатын мемлекеттiк тiзiлiмi (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) – пайдалануға ұсынылған, өндiрiсте шаруашылыққа пайдалану үшiн ұсынылатын сұрыптарды, тұқымдарды қамтитын, Қазақстан Республикасының селекциялық жетiстiктерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi;
3
3) сұрып – аталған генотипті немесе генотиптер комбинациясын сипаттайтын белгілердің айқындылық дәрежесі бойынша айқындалатын, сол бір ботаникалық таксондағы ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің басқа топтарынан бір немесе бірнеше белгісімен не белгілердің айқындылық дәрежесімен ерекшеленетін және тұрақты болып табылатын ең төменгі ботаникалық таксондар шеңберіндегі ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тобы. Клон, желі, бірінші ұрпақ буданы, популяция сұрыптың қорғалатын санаттары болып табылады.
3 3. Мемтізбені жүргізуді Мемкомиссия жүзеге асырады.
4 4. Тізбе Қазақстан Республикасында өсірілетін өсімдік сорттарын жүйелеу мақсатында және олардың ұлттық нарығын қалыптастырып, Қазақстан Республикасының осы салада халықаралық ынтымақтастыққа кіруіне жағдай жасайды.
5
5. Мемтізбеге Мемкомиссия жүргізген мемлекеттік сынақ нәтижелері, өтініш берушінің деректері немесе сараптамалық бағалау негізінде Қазақстан Республикасында шаруашылыққа пайдалануға ұсынылатын ауыл шаруашылығы және отандық және шетелдік селекциялы басқа да өсірілетін өсімдіктердің сорттары енгізіледі.
Мемкомиссия Қазақстан Республикасының басқа ұйымдары, сондай-ақ тиісті шарттар жасалған басқа мемлекеттер жүргізген сынақ нәтижелерін және өтініш беруші ұсынған деректерді пайдалана алады.
6
6. Мемлекеттік сынау нәтижелері бойынша Мемлекеттік тізбеге енгізілетін сорттар өнімділігі бойынша стандарттардан жоғары болуы, негізгі ауруларға төзімділігі бойынша олардан төмен болмауы немесе сортты пайдалану мақсатын айқындайтын ерекше шаруашылық бағалы белгілері болуы, сондай-ақ, ерекшелілік, біркелкілік және тұрақтылық өлшемшарттарына сәйкес болуы тиіс.
Мемлекеттік сынаулар нәтижелері бойынша Мемлекеттік тізбеге енгізілетін буданмен бірге бір уақытта оригинаторлардың келісуі бойынша оның аталық-аналық компоненттері енгізіледі.
7
7. Тұқым шаруашылығы саласынадағы уәкілетті орган құрған Мемтізбедегі өзгерістерді қарайтын және өзгеріс енгізетін республикалық комиссия, сорттың шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік немесе өтініш берушінің сынақ нәтижелері бойынша Мемтізбеге өзгерістер мен толықтырулар жөнінде шешімдер қабылдау үшін тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ұсыныс береді.