Об установлении квоты рабочих мест для лиц определенных категорий города Актобе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц определенных категорий города Актобе
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе қаласы белгіленген санаттағы тұлғалары үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 968
- Қабылданған күні
- 16.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 22.08.2016 52021_Some(107014).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10CA000132
- ЭКБ идентификаторы
- 52021
- Редакция идентификаторы
- 52021_Some(107014)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:26
0 Ақтөбе қаласы белгіленген санаттағы тұлғалары үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Белгіленген санаттағы тұлғаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-2), 5-5), 5-6) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақтөбе қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орнының жалпы санынан жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
мүгедектер үшін 3 % көлемінде;
қылмыстық - атқару инспекциясының пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан тұлғалар және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектері үшін 3 % көлемінде.
2
2. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 785 «Ақтөбе қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізбесінде 2006 жылдың 16 мамырында № 3-1-50 болып тіркелінген, № 67 «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.