О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения в рамках реализации стратегии региональной занятости
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения в рамках реализации стратегии региональной занятости
- Атауы (қаз.)
- Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6748
- Қабылданған күні
- 19.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 02.02.2012 52058_209617.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VA000139
- ЭКБ идентификаторы
- 52058
- Редакция идентификаторы
- 52058_209617
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:24
0 Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы
топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7, 18-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 5, 8-баптарына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын (бұдан әрі – Қатысушылар) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар:
1 1) техникалық және кәсіптік, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім түлектері санынан жұмыссыз жастарды жастар іс-тәжірибесі үлгісінде жұмысқа орналастыру;
2 2) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жолымен қабылдансын.
2 2. Жұмысқа орналастыру келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылсын:
1 1) нысаналы топтарға жататын және «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Бөлім) жұмыссыз ретінде тіркелген Қатысушыларды жұмысқа жолдау жүзеге асырылсын;
2 2) Қатысушылардың олар үшін лайықты жұмыс таңдау кезеңінде жоқ болуы;
3 3) түлектің жасы 29 жасқа дейін;
4 4) жұмыс мерзімі 6 айға дейін.
3 3. Жұмысқа орналастыру меншік нысанына қарамастан ұйымдарда (бұдан әрі – Жұмыс берушілер) Жұмыс берушілердің Бөліммен шартының негізінде ұйымдастырылады және өткізіледі.
Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстардың түрлері, көлемдері, еңбек төлемінің мөлшері мен шарттары, қаржыландыру мерзімі мен көздері болу керек.