Об утверждении нормативных правовых актов, регулирующих деятельность Акционерного общества "Фонд гарантирования страховых выплат"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении нормативных правовых актов, регулирующих деятельность Акционерного общества "Фонд гарантирования страховых выплат"
- Атауы (қаз.)
- "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 26
- Қабылданған күні
- 01.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2016 AI52088_18.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006167_
- ЭКБ идентификаторы
- 52088
- Редакция идентификаторы
- AI52088_18
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:52
0 "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар бекітілсін:
1 1) Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2 2) Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 № 128 қаулысымен.
3 3) Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4 4) Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5 5) Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 № 183 қаулысымен.
6 6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесі қабылдайтын шешімдерді келісу ережесі.
2 2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, осы қаулы, ол бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
1 1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
4 4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымның орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
1 "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының есептілікті беру ережесі
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 26 қаулысына 1-қосымша
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының есептілікті беру ережесі
2 "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру ережесі
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы
1 наурыздағы № 26 қаулысына
2-қосымша
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру ережесі
3 "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру туралы ереже
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы
1 наурыздағы № 26 қаулысына
3-қосымша
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру туралы ереже
4 "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 26 қаулысына
4-қосымша
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі
5 "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамына қатысушы сақтандыру ұйымдарына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану ережесі
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы
1 наурыздағы № 26 қаулысына
5-қосымша
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамына қатысушы сақтандыру ұйымдарына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану ережесі
6 "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесі қабылдайтын шешімдерді келісу ережесі
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы
1 наурыздағы № 26 қаулысына
6-қосымша
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесі қабылдайтын шешімдерді келісу ережесі
1
1. Осы Ереже "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) акционерлерінің жалпы жиналысы және директорлар кеңесі қабылдайтын шешімдерді қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісу тәртібін белгілейді.