О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 200
- Қабылданған күні
- 26.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 27.09.2013 AI52090_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.09.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006182_
- ЭКБ идентификаторы
- 52090
- Редакция идентификаторы
- AI52090_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:43
0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің мына бұйрықтарына келесідей өзгерістер енгізілсін:
1
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 10 қарашадағы «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі уәкілетті және аумақтық органдардың, мемлекеттік мекемелердің, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандандырылған ұйымдардың лауазымды тұлғаларының арнайы құралдарды қолдану ережесін бекіту туралы» № 639 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3222 енгізіліп, 2005 жылдың 7 қазанында № 121-122 (746) «Заң газетіне» жарияланған):
тақырыпта және мәтін бойынша «уәкілетті және аумақтық органдардың» деген сөздер «уәкілетті мекеме және аумақтық бөлімдердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Бірінші Вице-Министр А.И. Мырзахметовке» деген сөздер «Вице-Министр М.А. Оразаевқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі уәкілетті және аумақтық органдардың, мемлекеттік мекемелердің, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы, мамандандырылған ұйымдардың лауазымды тұлғаларының арнайы құралдарды қолдану ережесінде:
Осы Ереженің қосымшасындағы «аумақтық басқарма» деген сөздер «аумақтық бөлімше» деген сөздермен ауыстырылсын;
2
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 10 қарашадағы «Сирек кездесетін және құрып кету қатері төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарға, оның ішінде зоологиялық коллекциялар жасау үшін пайдалану ережесін бекіту туралы» № 652 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3250 енгізіліп, 2005 жылдың 7 қазанында № 121-122 (746) «Заң газетіне» жарияланған):
2-тармақтағы «Е.Ә. Келемсейт» және «М.Х. Мұсатаевқа» деген сөздер тиісінше «Е.Н. Нысанбаев» және «Ю.Т. Ромашовқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген сирек кездесетін және құрып кету қатері төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарға, оның ішінде зоологиялық коллекциялар жасау үшін пайдалану ережесінде:
10-тармақтың 3) тармақшасындағы «аңшылық шаруашылығы мен балық шаруашылығы ұйымдарының» деген сөздер «аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;