Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О мерах по охране,воспроизводству и использованию животного мира в Алматинской области

Өзге акт · № 4-134 · қабылданған 05.04.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-521/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О мерах по охране,воспроизводству и использованию животного мира в Алматинской области Күшін жойған 05.04.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О мерах по охране,воспроизводству и использованию животного мира в Алматинской области

Күшін жойған Өзге акт № 4-134 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по охране,воспроизводству и использованию животного мира в Алматинской области
Атауы (қаз.)
Алматы облысында жануарлар әлемiн қорғау, өркендету және пайдалану жөнiндегi шаралар туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4-134
Қабылданған күні
05.04.1998
Көрсетілген редакция
05.04.1998 521_241772.kaz
Соңғы өзгеріс
05.04.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98D000002_
ЭКБ идентификаторы
521
Редакция идентификаторы
521_241772
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:45
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Алматы облысында жануарлар әлемiн қорғау, өркендету және пайдалану жөнiндегi шаралар туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Әкімінің 29.09.2004 № 9-96 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Жануарлар әлемiн қорғау, өркендету және пайдалану туралы" Заңына сәйкес және фауна қорғау мақсатында облыс әкiмi шешім қабылдады:

1. Аң шаруашылығын жүргiзуге немесе балық және басқа су жануарларын аулауға құқық берiлгенi, аң аулайтын жердiң немесе балық өсiретiн су қоймаларының бекiтiлiп берiлгенi туралы қолдарында облыстық атқарушы органдардың шешiмдерi жоқ заңды және жеке тұлғалар сонымен бiрге мемлекеттiк кәсiпорындар жануарлар әлемiн заңсыз пайдалануды тоқтатсын.

2. Бұрын берілген аңшылық билеттердің бәрі, аңшылық маусым ашылғанға дейін, аң аулау құқығы үшін, заңда берілген мемлекеттік баж салығын төлей отырып Алматы облыстық орман, балық және аң аулау шаруашылығы басқармасында қайта тіркеуден өтуге жататыны белгіленсін.

Жабайы аңдарды аулауға рұқсат беру, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, өндіру лимитіне сәйкес белгіленген тәртіппен Алматы облыстық орман, балық және аң аулау шаруашылығы басқармасында жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 2 тармақ өзгертілді - Алматы облысы Әкімінің
1998.06.30 N 6-217 шешімімен.

3. Жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін алынатын төлемдер, Қазақстан Республикасының Үкіметі алдағы уақытта алу тәртібін анықтағанға дейін, табиғатты пайдалануға рұқсат беріп, арнайы табиғат пайдалану, шартына отыратын мемлекеттік органдардың арнайы шотына жіберілсін.

📌 Ескерту. 3 тармақ өзгертілді - Алматы облысы Әкімінің
1998.06.30 N 6-217 шешімімен.

4. Облыстық орман, балық және аулау шаруашылығы басқармасы шетелден келген азаматтардың жануарлар әлемін пайдалануына бақылауды күшейтсін.

📌 Ескерту. 4 тармақ өзгертілді - Алматы облысы Әкімінің
1998.06.30 N 6-217 шешімімен.

5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары В. Меренковқа жүктелсін.

📌 Ескерту. 5 тармақ өзгертілді - Алматы облысы Әкімінің
1998.06.30 N 6-217 шешімімен.