Жаңаарқа ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерінде жұмыс істегені үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген білім, мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жаңаарқа ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерінде жұмыс істегені үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген білім, мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Атауы (қаз.)
- Жаңаарқа ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерінде жұмыс істегені үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген білім, мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 81
- Қабылданған күні
- 19.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 26.06.2014 · қолданыстағы AI52107_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10KL000073
- ЭКБ идентификаторы
- 52107
- Редакция идентификаторы
- AI52107_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:23
0 Жаңаарқа ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерінде жұмыс істегені үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген білім, мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 2 тармақшасына, 238 бабының 3 тармағына сәйкес Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жаңаарқа ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерінде жұмыс істегені үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген білім, мәдениет және әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2 2. Уәкілетті органы - "Жаңаарқа ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Зульфхар Сердалыұлы Сердалиновке айқындалған лауазымдардың айлықақылары 25 пайызға көтерілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
3
3. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы "Жаңаарқа ауданы әкімдігінің "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істегені үшін лауызымдық айлықақыларын көтеру белгіленген білім, мәдениет және әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 965 қаулысына қосымша толықтырулар енгізу" N 389 қаулысының күші жойылған болып танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Марат Жандаулетұлы Жандаулетовке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтарынан пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық мәслихаттың хатшысы
Д. Жұмасейітов
6 Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 19 сәуірдегі
N 81 қаулысына
қосымша
Жаңаарқа ауданының аумағында ауылдық елді мекендерінде жұмыс істегені үшін білім беру, мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдық айлықақысына көтеру белгіленген лауазымдар
тізбесі
Қазыналық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен қызметтерін іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттілігін орындайтын, техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету лауазымдары: