О мерах по организации социальных рабочих мест в Каркаралинском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по организации социальных рабочих мест в Каркаралинском районе
- Атауы (қаз.)
- Қарқаралы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 83
- Қабылданған күні
- 20.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 14.06.2011 AI52109_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.06.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10KM000081
- ЭКБ идентификаторы
- 52109
- Редакция идентификаторы
- AI52109_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:22
0 Қарқаралы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы
Нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабына және 4-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 264 Қаулысына сәйкес және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-13-72 нөмірмен тіркелген Қарқаралы аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 22 желтоқсандағы 19 сессиясының "2010 - 2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" N 19/192 шешімін басшылыққа ала отырып, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімі) заңнамада белгіленген тәртіпте жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру жұмыстарын ұйымдастырсын.
2 2. Қарқаралы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың қоса ұсынылған Ережесі бекітілсін.
3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру шараларын 2010 жылы қаржыландыру республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер шегінде 002 "Еңбекпен қамту бағдарламасы" бағдарламасында 103 "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" бағдарламашасында қарастырылған, сондай-ақ 002 "Еңбекпен қамту бағдарламасы" бағдарламасында 102 "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар" бағдарламашасында қарастырылған аудандық бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.
4 4. Осы қаулының 3-тармағында көрсетілген бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін әлеуметтік жұмыс орнын құруға қатысатын жұмыс берушілерді таңдау келесі тәртіпте белгіленсін:
1
1) республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер шегінде қаржыландырылатын бағдарламалар бойынша жұмыс берушілер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылға арналған "Жол картасы" аясында дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру үшін конкурс өткізудің ерекше тәртібін қолдана отырып, тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алу кезінде анықталынады;
2
2) аудандық бюджет есебінен қаржыландырылатын бағдарламалар бойынша жұмыс берушілер тұрғындардың нысаналы топтары үшін жұмыс орнын құра алатын мүмкіндігі болған жағдайда, олардың "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне берген өтініштері бойынша анықталынады.
5 5. Нысаналы республикалық трансферттерден қаржыландырылатын жұмыссыз азаматтардың еңбекақысы жұмыс берушінің 50-пайыздық салымын ескере отырып, айына 40000 теңге мөлшерінде белгіленсін.
6 6. Аудандық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыссыз азаматтардың еңбекақысы жұмыс берушінің 50-пайыздық салымын ескере отырып, 2010 жылға белгіленген ең төменгі айлық еңбекақы мөлшерінде белгіленсін.
7
7. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 наурыздағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 41 Қаулысының (Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылдың 1 сәуірінде N 8-13-61 болып тіркелген, 2009 жылдың 4 сәуірінде "Қарқаралы" газетінің N 24-25 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Серік Смағамбетұлы Дюсетаевқа жүктелсін.
9 9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
12 Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 20 сәуірдегі
N 83 қаулысымен
бекітілген
Қарқаралы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың Ережелері
1
1. Қарқаралы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың осы ережелері (бұдан әрі – Ережесі) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың тәртібін анықтайды.