Құжат мәтініне өту

Об организации "Молодежной практики" для безработной молодежи

Қаулы · № 82 · қабылданған 20.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-52111/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об организации "Молодежной практики" для безработной молодежи Күшін жойған Қаулы ·№ 82 ·20.04.2010
14.06.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.06.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации "Молодежной практики" для безработной молодежи

Күшін жойған Қаулы ·№ 82 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации "Молодежной практики" для безработной молодежи
Атауы (қаз.)
Жұмыссыз жастарға арналған "Жастардың іс-тәжірибесін" ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
82
Қабылданған күні
20.04.2010
Көрсетілген редакция
14.06.2011 AI52111_2.kaz
Соңғы өзгеріс
14.06.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10KM000082
ЭКБ идентификаторы
52111
Редакция идентификаторы
AI52111_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:22

0 Жұмыссыз жастарға арналған "Жастардың іс-тәжірибесін" ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "2010 – 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" N 2162 Қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

1 1) бастапқы, орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарын бітірген, "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар (әрі қарай - жұмыссыз жастар) арасында "Жастардың іс-тәжірибесі" жұмысын өткізуді ұйымдастырсын;

2 2) жұмыссыз жастарға уақытша жұмыс орындарын ұсынуға ниет білдірген жұмыс берушілермен алты айдан аспайтын мерзім уақытқа дейін шарт жасасын;

3 3) жұмыссыз жастардың ай сайынғы жиырма мың теңге көлеміндегі еңбек ақылары олардың есеп шоттарына аудару арқылы төленсін.

2

2. "Қарқаралы ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 451-02-103 "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" бюджеттік бағдарлама бойынша тиісті жылдың аудан бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды жүзеге асырсын.

3

3. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 мамырдағы "Жұмыссыз жастарға арналған "Жастардың іс-тәжірибесін" ұйымдастыру туралы" N 147 Қаулысының (Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылдың 18 маусымында N 8-13-65 болып тіркелген, 2009 жылдың 20 маусымында "Қарқаралы" газетінде N 47-48 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалысын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Серік Смағамбетұлы Дюсетаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 наурызынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Қолданыстағы