О корректировке базовых ставок земельного налога по Тимирязевскому району
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 22/4
·
12.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О корректировке базовых ставок земельного налога по Тимирязевскому району
- Атауы (қаз.)
- Тимирязев ауданы бойынша жер салығының негізгі ставкаларын түзету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 22/4
- Қабылданған күні
- 31.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 12.02.2015 AI52131_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10SL000105
- ЭКБ идентификаторы
- 52131
- Редакция идентификаторы
- AI52131_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:40
0 Тимирязев ауданы бойынша жер салығының негізгі ставкаларын түзету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабы 1-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. «Салық және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 378, 379, 381, 383-баптарымен бекітілген, жер салығының негізгі ставкасы көтерілсін, соған сәйкес:
1) ауыл шаруашылығына тағайындалған жерлердің негізгі салық ставкасын - 50 пайызға;
2) жеке тұлғаларға ұсынылған, ауыл шаруашылығына тағайындалған жерлердің негізгі салық ставкасын - 50 пайызға;
3) елді мекендердің (үй жанындағы жер учаскелерінен басқа) жерлерінің негізгі салық ставкасын - 50 пайызға;
4) елді мекендердің сыртында орналасқан, өндіріс жерлерінің негізгі салық ставкасын - 50 пайызға;
2. Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 18 наурыздағы №6/7 «Жер салығының ставкаларын түзету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде 2004 жылғы 13 сәуірден № 1214 тіркелген, 2004 жылы 20 сәуірде «Нива» газетінде жарияланған) сессия шешімінің күші жойылған деп саналсын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН» 2 сәуір 2010 жыл