Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения города Петропавловска
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения города Петропавловска
- Атауы (қаз.)
- Петропавл қаласы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғаларының қосымша тізбесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 308
- Қабылданған күні
- 17.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2014 52144_190261.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10SA000177
- ЭКБ идентификаторы
- 52144
- Редакция идентификаторы
- 52144_190261
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:46
0 Петропавл қаласы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғаларының қосымша тізбесін белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Петропавл қаласы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғаларының мына қосымша тізбесі белгіленсін:
1 1) ұзақ уақыт жұмыс істемеген тұлғалар (бір жылдан астам);
2 2) өз еркімен жұмыстан босаған тұлғалар;
3 3) 29 жасқа дейінгі жастарды қоса;
4 4) 50 жастан асқан тұлғалар;
5 5) уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысқан тұлғалар;
6 6) толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған тұлғалар;
7 7) еңбекақысы сақталусыз демалыста жүрген тұлғалар;
8 8) өндірістің тоқтап тұруына байланысты уақытша жұмыспен қамтылмаған тұлғалар.
📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2012.06.15 № 1106 Қаулысымен
2 2. «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарға қосымша енгізілген тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды уақытында қамтамасыз етсін.
3 3. Қала әкімдігінің мына қаулыларының күштері жойылды деп танылсын:
«Петропавл қаласы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғаларының қосымша тізбесін белгілеу туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 444 қаулысы (2009 жылғы 24 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімде тіркелген № 13-1-152, 2009 жылғы 1 мамырдағы «Қызылжар нұры» № 18, 2009 жылғы 1 мамырдағы «Проспект СК» № 18 газеттерінде жарияланған);
«Петропавл қаласы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғаларының қосымша тізбесін белгілеу туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 444 қаулысына қосымшалар енгізу туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 1 шілдедегі № 741 қаулысы (2009 жылғы 23 шілдедегі нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімде тіркелген № 13-1-156, 2009 жылғы 7 тамыздағы «Қызылжар нұры» № 32, 2009 жылғы 7 тамыздағы «Проспект СК» № 32 газеттерінде жарияланған).