Құжат мәтініне өту

Об организации социальных рабочих мест

Қаулы · № 652 · қабылданған 16.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-52150/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об организации социальных рабочих мест Күшін жойған Қаулы ·№ 652 ·16.04.2010
20.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации социальных рабочих мест

Күшін жойған Қаулы ·№ 652 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации социальных рабочих мест
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
652
Қабылданған күні
16.04.2010
Көрсетілген редакция
20.02.2012 AI52150_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10VH000111
ЭКБ идентификаторы
52150
Редакция идентификаторы
AI52150_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:26

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 13), 14)-тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 4, 5, 7, 9, 12, 18-1 баптарына, «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 259 Қаулысына сәйкес Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жұмыссыздарды және халықтың нысаналы тобындағы жұмыспен қамтылмағандарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары (бұдан әрі - әлеуметтік жұмыс орындары) ұйымдастырылсын.

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты айға дейінгі мерзімге құрылады.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындары жеке меншік нысандарының түрлеріне қарамастан кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда (бұдан әрі – жұмыс беруші) ұйымдастырылады.

4

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру «Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – бөлім) жасалған келісімшарт негізінде жұмыс берушімен жүзеге асырылады. Келісім шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері мен көлемі, еңбекақы төлемінің мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен мерзімі көрсетілуі тиіс.

5

5. Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың және халықтың нысаналы тобындағы жұмыспен қамтылмағандардың еңбекақысын төлеуге шыққан шығындар, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі еңбекақының елу пайызы мөлшерінде бөліммен жергілікті бюджет қаражаты есебінен ішінара жұмыс берушінің есеп шотына аударылады.

6

6. «Жол картасы» шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың және халықтың нысаналы тобындағы жұмыспен қамтылмағандардың еңбекақы төлемі айына міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қоса жиырма мың тенге мөлшерінде Республикалық бюджет қаражаты есебінен бөліммен қатысушылардың жеке есеп шоттарына жүргізіледі.

7

7. «Жол картасы» шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың және халықтың нысаналы тобындағы жұмыспен қамтылмағандардың еңбекақы төлемі жұмыс берушімен ай сайын оның меншік қаражатынан атқарылатын жұмыстың мөлшеріне, сапасына және күрделілігіне байланысты және жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

8 8. Еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан нысаналы топтардағы тұлға мен жұмыс берушінің арасында жасалған еңбек шартымен анықталады.

9 9. Әлеуметтік жұмыс орындарын құруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу, ресми ұсыныстардың түсуі бойынша кезекті тәртіппен жүргізіледі.

10 10. Осы қаулынының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р. А. Атаеваға жүктелсін.

11

11. Бородулиха ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 05 маусымдағы № 323 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 2009 жылғы 01 шілдедегі № 5-8-90 санымен тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2009 жылғы 17 шілдедегі № 33 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.

12 12. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы