Об оказании материальной помощи семьям, имеющим детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании материальной помощи семьям, имеющим детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому
- Атауы (қаз.)
- Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына материалдық көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 137
- Қабылданған күні
- 26.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 21.02.2011 AI52170_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.02.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10NS000125
- ЭКБ идентификаторы
- 52170
- Редакция идентификаторы
- AI52170_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:43
0 Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 29 бабының 7 тармағын, Қостанай облысының әкімдігінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 128 "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету Стандартын бекіту туралы" қаулысына, Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 230 "2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне сәйкес, "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз есе мөлшерінде материалдық көмек белгіленсін (әрі қарай – материалдық көмек).
2 2. Материалдық көмекті төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушының дербес шотына ақша қаражатты аудару жолымен уәкілетті органның ұсынған тізімі бойынша жүзеге асырылады.
3 3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.В Слесарьға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға өз әрекетін таратады.
КЕЛІСІЛДІ:
"Ұзынкөл ауданының білім беру
бөлімі" мемлекеттік мекемесі,
бастық
___________________ А. Бараншина
"Ұзынкөл ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесі, бастық
___________________ Е. Құдабаев
"Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі, бастық
__________________ Ә. Сарсенова