Қолданыстағы ред. 18.03.2010 (Редакция 52185_148813.kaz)

Көше атауын өзгерту туралы от 18.03.2010 г. № 5 (Көше атауын өзгерту туралы)

0

Көше атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасын, 2009 жылдың 20 қазанындағы Жаңажол ауылының халық жиынының № 27 хаттамасын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Жаңажол ауылдық округі Жаңажол ауылындағы Қараөзен көшесінің атауы Елеусін Кенжеғалиев болып өзгертілсін.

2

2. Осы шешімінің қабылдануына байланысты туындайтын шараларды жүзеге асыру ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Б. Хайруллинге тапсырылсын.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.